Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (19)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"мақтаншақтық" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"мақтаншақтық" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "мақтаншақтық" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Барынша бөсіп мақтанғанша,
Тілді тістеп ұстаған жөн.

Ілмектер: тіл, мақтану, мақтаншақтық, тіс
WhatsApp Telegram

Батыр мақтанса бір оқтық,
Бай мақтанса бір жұттық.

Ілмектер: батыр, мақтану, мақтаншақтық, бай
WhatsApp Telegram

Бай мақтанса - табылар,
Кедей мақтанса - шабылар.

Ілмектер: бай, мақтану, мақтаншақтық, кедей, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.

Ілмектер: ақыл, ақылды, мақтану, мақтаншақтық
WhatsApp Telegram

Басым бар деп топтанба,
Малым бар деп мақтанба.

Ілмектер: мал, мақтану, мақтаншақтық, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер,
Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.

Ілмектер: бай, би, мақтаншақтық, мақтану
WhatsApp Telegram

Екі батыр мақтанса:
Батырлығы мен барлығын айтар.
Екі жаман мақтанса:
Ұрлығы мен қарлығын айтар.

Ілмектер: батыр, мақтаншақтық
WhatsApp Telegram

Мақтанып жүрмей,
Сақтанып жүр.

Ілмектер: мақтаншақтық
WhatsApp Telegram

«Барамын» деп мақтанба,
Жарлық бар.
«Көппін» деп мақтанба,
Жалғыздық бар.

Ілмектер: мақтаншақтық
WhatsApp Telegram

Ат қартайса
Жасқаншақ болады
Ер қартайса,
Мақтаншақ болады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ер, қартаю, мақтаншақтық
WhatsApp Telegram

Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,
Алдында құрулы торлар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба
Алдында алуан орлар бар.

Ілмектер: мақтаншақ, мақтаншақтық
WhatsApp Telegram

Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.

Ілмектер: мақтаншақтық, батырлық
WhatsApp Telegram

Жапалақ мақтанса,
Жардан қоян алдым дер.
Жаман мақтанса,
Жақсының жағасынан алдым дер.

Ілмектер: мақтаншақтық
WhatsApp Telegram