Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (10)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"мақтану" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"мақтану" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "мақтану" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Барынша бөсіп мақтанғанша,
Тілді тістеп ұстаған жөн.

Ілмектер: тіл, мақтану, мақтаншақтық, тіс
WhatsApp Telegram

Бақ-дәулетке мақтанба.

Ілмектер: бақ, дәулет, мақтану
WhatsApp Telegram

Бай мақтанса, табылар,
Әрнәрсенің, қоры бар.
Жоқ мақтанса, шабылар,
Маңдайының соры бар.

Ілмектер: бай, мақтану, кедей
WhatsApp Telegram

Балам көп деп мақтанба,
Топқа кірмей жатқанда.

Ілмектер: бала, мақтану, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ер өнерімен мақтансын.

Ілмектер: ер, мақтану, өнер
WhatsApp Telegram

Жаманды мақтансын десеңе алысқа жібер.

Ілмектер: жаман, мақтану, алыс
WhatsApp Telegram

Жаман кісі мақтанса, жақсыны жағасынан алдым дер.

Ілмектер: кісі, мақтану
WhatsApp Telegram

Батыр мақтанса бір оқтық,
Бай мақтанса бір жұттық.

Ілмектер: батыр, мақтану, мақтаншақтық, бай
WhatsApp Telegram

Бай мақтанса - табылар,
Кедей мақтанса - шабылар.

Ілмектер: бай, мақтану, мақтаншақтық, кедей, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.

Ілмектер: ақыл, ақылды, мақтану, мақтаншақтық
WhatsApp Telegram

Басым бар деп топтанба,
Малым бар деп мақтанба.

Ілмектер: мал, мақтану, мақтаншақтық, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Тентекті тентек десең,
Бөркі қазандай болады.

Ілмектер: тентек, бөрік, қазан, мақтану
WhatsApp Telegram

Біреу қақпанын мақтайды,
Біреу сақпанын мақтайды,
Бірақ қуырдаққа ет таппайды.

Ілмектер: мақтану
WhatsApp Telegram

Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер,
Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.

Ілмектер: бай, би, мақтаншақтық, мақтану
WhatsApp Telegram

Жаман мақтанса қатынын сабар.

Ілмектер: жаман, қатын, мақтану
WhatsApp Telegram

Есек құлағының
Ұзындығына мақтанар,
Есалаң жүзінің
Қызылдығына мақтанар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, мақтану
WhatsApp Telegram

Малым бар деп мақтанба,
Нарым бар деп мақтан,
Нарым бар деп мақтанба,
Арым бар деп мақтан.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ар, мақтану
WhatsApp Telegram