Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"мал" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "мал" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Білім — малы жоққа түгесілмес мал,
Ілмектер: мал, білім, қаржы
Қаржысы жоққа — таусылмас қаржы.
Бие бауға, түйе тауға.
Ілмектер: төрт түлік мал, төрт түлік, мал, бие, тау, түйе, бау
Барма ханға,
Ілмектер: хан, би, мал, үй
Өзі келер малға.
Барма биге,
Өзі келер үйге.
Байдың мың қойының ішінде
Ілмектер: бай, мал, кедей, жарлы, тоқты, қара
Жарлының жалғыз қара тоқтысын көреді.
Байдың малы теңіз,
Ілмектер: бай, мал, теңіз, байлық, доңыз
Ептеп жемеген доңыз.
Байды мал басар,
Ілмектер: бай, жарлы, кедей, бала, мал
Жарлыны бала басар.
Бай қайырлы болмаса,
Ілмектер: бай, қайыр, байлық, мал, жар
Бар малынан айрылар.
Мал бетіне қараған
Жарынан айрылар.
Ат, өгіз терін бай бермес,
Ілмектер: жарлы, кедей, бай, өгіз, ат, мал, өлім, ысқат
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.
Арық малға суық өш,
Ілмектер: арық, мал, дау, әкім, өш
Даулы кісіге әкім өш.
Айдап жүрген мал жақсы,
Ілмектер: жан, хан, мал, жақсы
Мал жақсы емес-ау,
Арыз тыңдаған хан жақсы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Аман тұрған жан жақсы.
Азанда келген мал (байлық) кешке ізін табады.
Ілмектер: азан, мал, байлық, кеш
Адам бастан қартаяды,
Ілмектер: адам, мал, қарттық
Қартайған соң мал таяды.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі