Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (29) Мақал-мәтелдер (53) Ұлағатты сөздер (31)

Жоғалып табылған мал олжа,
Ауырып жазылған жан олжа.

Ілмектер: мал, жан, қазақ мақалы

Жақсының жаны - жаннат.

Ілмектер: жақсы, жан, жаннат

Атамекен аясы - адамның жан саясы.

Ілмектер: атамекен, адам, жан

Тәнім – жанымның садағасы,
Жаным – арымның садағасы.

Ілмектер: жан, ар

Тәні саудың - жаны сау.

Ілмектер: тән, жан, сау

Жаным десе, жан семірер.

Ілмектер: жаным, жан

Жақсыны көріп —
Жан семіреді.

Ілмектер: жақсы, жан

Бітпеген малдан үміт,
Шықпаған жаннан үміт.

Ілмектер: мал, жан, үміт

Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.

Ілмектер: мал, жан, қайғы

Кемедегінің жаны бір.

Ілмектер: кеме, жан, бір

Жалғыз баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұқарада пұлы бар.

Ілмектер: бала, жалғыз, жан

Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

Ілмектер: жан, қайғы, денсаулық

Мал байдікі,
Жан құдайдікі.

Ілмектер: бай, жан, байлық

Қай жерің ауырса,
Жаның сол жеріңде.

Ілмектер: ауру, жан, денсаулық

Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.

Ілмектер: жау, сыр, жан, ерлік, батырлық

Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.

Ілмектер: жан, мал, еңбек, мұрат, талап, байлық

Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,
Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі.

Ілмектер: ауру, жан, мал, жалқау

Өтірікшінің жаны күйер,
Ұрлықшының малы күйер.

Ілмектер: өтірік, өтірікші, ұрлықшы, жан, мал

Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.

Ілмектер: дос, достық, жан, кеме

Қай қолынды кессең де,
Жанға батуы бірдей.

Ілмектер: қол, жан

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...