Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"сөз" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "сөз" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Адамдар негізі өзгерер,
Ілмектер: Адам, өзгеріс, өзгелер, жан, жылу, сөз, жүрек, адасу, жаурау, жылыту
Өзгертетін оны өзгелер,
Жаураған жанға адасқан
Жылыту керек сөзбенен!
Тауып айтқан сөзге құн жетпейді,
Ілмектер: сөз, сөз өнері, құн, мін, мақал, мәтел, сөз туралы мақал, шешендік өнер
Біліп айтқан сөзге мін жетпейді.
Жақсы сөз жаныңды жадыратады,
Ілмектер: жақсы, жаман, сөз, жан, уайым, мақал
Жаман сөз уайымға салындырады.
Билердің сөзі – ақылдың көзі.
Ілмектер: би, сөз, ақыл, көз, мақал, мәтел
Асыл сөз — наркескен қылыштай, жасық сөз — өтпес пышақтай.
Ілмектер: Асыл сөз, сөз, қылыш, пышақ
Жел өтпеске сөз өтеді, жер көтергенді ой көтереді.
Ілмектер: Жел, сөз, жер, ой
Біліктіден шыққан сөз — әдеп үлгісі.
Ілмектер: біліктілік, білікті, сөз, әдеп, үлгі
Білмеген сөз сыңайын не табады:
Ілмектер: сөз, аспан, жер, білу
Болса да көк аспанда, жер қабады.
Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Ілмектер: ағаш, құс, адам, атақ, сөз
Атағы жақсы адамға сөз ереді.
Ағаш басына жел үйір,
Жақсы адамға сөз үйір.
Бұрын айтылмаған білімді
Ілмектер: білім, жұрт, сөз
Жұрт сөзіңнен таниды.
Бос сөзбен қараңғы адам семіреді,
Ілмектер: бос сөз, сөз, семіру, әдет, қара бас
Сол әдет қара басты кеміреді.
Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Ілмектер: кеңес, сөз, ақыл, ұры, халық, той, ертең, би
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.
Биді Құдай ұрмайды,
Ілмектер: би, сөз, алым
Алымға сөзін бұрса да.
Бектер сөзін айта берме (басқа сын!),
Ілмектер: бек, сөз, сын, жақсы
Қайталама жақсы сөзден басқасын.
Бейпіл сөзден түскен пайда көрмедім,
Ілмектер: пайда, сөз
Көп те болса, ешбір түсім термедім.
Бәле әкелер рас сөзден жырақта,
Ілмектер: бәле, жалған, сөз, береке
Берекелі жалған сөзге тұрақта.
Басына бәле тілеген адам
Ілмектер: бас, адам, пәле, сұлтан, сөз
Сұлтанның сөзін қайырар.
Бас кетпесін, сөзіңді бақ күзетіп,
Ілмектер: бас, тіс, денсаулық, сөз, тіл
Тіс сынбасын, тіліңді бақ түзетіп.
Бақытыңды қорғасаң,
Ілмектер: бақыт, жаман, сөз
Жаман сөзді қолданба.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі