Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (64) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (1)

Мәтел — Мақал-мәтелдер жинағы

Бұл бөлімде "мәтел" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Аңдарға байланысты мақал-мәтелдер

Төменде жануарлар мен аңдарға қатысты ең танымал әрі жиі айтылатын мақал-мәтелдер жинағы ұсынылған:

Арыстанда бір кісінің күші бар,
Қырық кісінің жүрегі бар.
Жолбарыста бір кісінің жүрегі бар,
Қырық кісінің күші бар.

*** *** *** ***

Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.

*** *** *** ***

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

*** *** *** ***

Құнанның жайылымы бір, жусауы басқа.

*** *** *** ***

Құлан құдыққа жығылса, құрбақа құлағында ойнайды.

*** *** *** ***

Құланның қасуына, мылтықтың басуы да дәл келді.

*** *** *** ***

Құлан басына күн туса, қодығына қарамас.

*** *** *** ***

Құлан кісінесе, үйірі жиналады.

*** *** *** ***

Түлкі түгінен жазады.

*** *** *** ***

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.

*** *** *** ***

Қоян көлеңкесінен қорқады, қанжығада табысады.

*** *** *** ***

Арыстанның аузында,
Түрікпеннің түбінде.

*** *** *** ***

Қаршығалыға қоян кездеспейді,
Жарақтыға жау жолықпайды.

*** *** *** ***

Өлік шыққан үйдің алдында арыстан жатады.

*** *** *** ***

Асықпаған арбамен қоянға жетер.

*** *** *** ***

Қой еті — қоян еті.

*** *** *** ***

Қоянның қарасын көріп,
Қалжасынан тұңіл.

*** *** *** ***

Аюға намаз үйреткен таяқ.

*** *** *** ***

Бір түлкі жеті бөріні алдайды.

*** *** *** ***

Бөлінгенді бөрі жейді.

*** *** *** ***

Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан.

Ілмектер: аңдар, жануарлар, аң, жануар, мақал-мәтелдер, мақал, мәтел
WhatsApp Telegram

Жер екеш жер де ауырады.

Ілмектер: жер, ауру, мақал, мәтел
WhatsApp Telegram

Елін сүйген ерлік істейді.

Ілмектер: отан, ел, мақал, мәтел, ерлік
WhatsApp Telegram

Жылқының сүті – шекер, еті – бал.

Ілмектер: жылқы, сүт, шекер, ет, бал, жылқы туралы мақал, ат туралы мақал, мәтел, Мақал-мәтел
WhatsApp Telegram

Тауып айтқан сөзге құн жетпейді,
Біліп айтқан сөзге мін жетпейді.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, құн, мін, мақал, мәтел, сөз туралы мақал, шешендік өнер
WhatsApp Telegram

Билердің сөзі – ақылдың көзі.

Ілмектер: би, сөз, ақыл, көз, мақал, мәтел
WhatsApp Telegram

«Ақымақты одан да қу, мұнда да жуытпа» деген мәтел бар.

Ілмектер: ақымақ, мәтел
WhatsApp Telegram