Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (46) Өлеңдер (3) Жоспарлар (7) Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (3)

"жануарлар" туралы Мақал-мәтелдер

"жануарлар" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "жануарлар" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Аңдарға байланысты мақал-мәтелдер

Төменде жануарлар мен аңдарға қатысты ең танымал әрі жиі айтылатын мақал-мәтелдер жинағы ұсынылған:

Арыстанда бір кісінің күші бар,
Қырық кісінің жүрегі бар.
Жолбарыста бір кісінің жүрегі бар,
Қырық кісінің күші бар.

*** *** *** ***

Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.

*** *** *** ***

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

*** *** *** ***

Құнанның жайылымы бір, жусауы басқа.

*** *** *** ***

Құлан құдыққа жығылса, құрбақа құлағында ойнайды.

*** *** *** ***

Құланның қасуына, мылтықтың басуы да дәл келді.

*** *** *** ***

Құлан басына күн туса, қодығына қарамас.

*** *** *** ***

Құлан кісінесе, үйірі жиналады.

*** *** *** ***

Түлкі түгінен жазады.

*** *** *** ***

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.

*** *** *** ***

Қоян көлеңкесінен қорқады, қанжығада табысады.

*** *** *** ***

Арыстанның аузында,
Түрікпеннің түбінде.

*** *** *** ***

Қаршығалыға қоян кездеспейді,
Жарақтыға жау жолықпайды.

*** *** *** ***

Өлік шыққан үйдің алдында арыстан жатады.

*** *** *** ***

Асықпаған арбамен қоянға жетер.

*** *** *** ***

Қой еті — қоян еті.

*** *** *** ***

Қоянның қарасын көріп,
Қалжасынан тұңіл.

*** *** *** ***

Аюға намаз үйреткен таяқ.

*** *** *** ***

Бір түлкі жеті бөріні алдайды.

*** *** *** ***

Бөлінгенді бөрі жейді.

*** *** *** ***

Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан.

Ілмектер: аңдар, жануарлар, аң, жануар, мақал-мәтелдер, мақал, мәтел
WhatsApp Telegram

Қасқырдың ауызы жесе де қан,
Жемесе де қан.

Ілмектер: қасқыр, жануарлар
WhatsApp Telegram

Арыстан күшігін тістеп сүйеді.

Ілмектер: сүю, жануарлар
WhatsApp Telegram

Арыстанның ойнынан
Түлкінің мойны үзіледі.

Ілмектер: жануарлар, аңдар
WhatsApp Telegram

Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.

Ілмектер: жануарлар, мысық, тышқан
WhatsApp Telegram

Қасқыр жүйрік — жылыс жоқ.
Түлкі жүйрік — дыбыс жоқ,
Қоян жүйрік — тыныс жоқ.

Ілмектер: жануарлар
WhatsApp Telegram

Қасқыр байлағанға көнбес,
Шошқа айдағанға көнбес.

Ілмектер: жануарлар, қасқыр
WhatsApp Telegram

Борсық ұрған сайын семіреді.

Ілмектер: жануарлар, борсық
WhatsApp Telegram