Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (80) Өлеңдер (23) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (26) Ұлағатты сөздер (2)

"қасқыр" туралы Мақал-мәтелдер

"қасқыр" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "қасқыр" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бөріні шопан қылсаң,
«Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер.

Ілмектер: бөрі, қасқыр, шопан, жануарлар туралы мақалдар, қой, төрт түлік, түлкі
WhatsApp Telegram

Бөріден бөлтірік қанша асырасаң да, бір күні қанға бояйды.

Ілмектер: бөрі, бөлтірік, қасқыр, қан, күн, жануарлар туралы мақал
WhatsApp Telegram

Бөрі қоңсысын жемейді.

Ілмектер: бөрі, қасқыр, қоңсы, жануар, жануарлар туралы мақалдар
WhatsApp Telegram

Бөрі баласын бөркіңе салсаң, ит болмас.

Ілмектер: бөрі, бала, қасқыр, ит, жануралар, жануарлар туралы мақалдар, жануарлар туралы мақал
WhatsApp Telegram

Байдың қойы желігіп қасқырға соқтықса да, аман қалады.

Ілмектер: бай, қой, қасқыр, аман
WhatsApp Telegram

Қасқырдың аузы жесе де – қан,
Жемесе де – қан.

Ілмектер: қасқыр, қан
WhatsApp Telegram

Ер тамағы – елден,
Бөрі тамағы – жолдан.

Ілмектер: ер, тамақ, бөрі, қасқыр, жол
WhatsApp Telegram

Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.

Ілмектер: адам, ой, қой, қасқыр, бөрі, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Қасқыр жарып кеп салды,
Қарға қарық боп қалды.

Ілмектер: қасқыр, қарға, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.

Ілмектер: қой, қасқыр, қарғыс, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Қой жеген қасқыр көңілді,
Қойшысы жаннан түңілді.

Ілмектер: қасқыр, қойшы, қой, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес.

Ілмектер: қасқыр, қой, су, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Қасқырдың қарны тоймайды.

Ілмектер: қасқыр, қарын, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Қасқырдан қорықан қой ұстамайды.

Ілмектер: қасқыр, қой, парсы мақалы, қорқу
WhatsApp Telegram

Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.

Ілмектер: ұл, қасқыр, құн, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.

Ілмектер: құт, қонақ, қасқыр, қой
WhatsApp Telegram

Қасқырлы жердің елі айтақшыл.

Ілмектер: қасқыр, қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық
WhatsApp Telegram

Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, қоян, қасқыр
WhatsApp Telegram

Қойға қасқыр шапса,
Жарлының жалғызын жейді.

Ілмектер: қасқыр, кедей, жарлы
WhatsApp Telegram

Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.

Ілмектер: ұры, бөрі, қасқыр
WhatsApp Telegram