Құт — Мақал-мәтелдер жинағы
Бұл бөлімде "құт" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Бәрі түгел: құт пен бақыт алдаса,
Адам бірақ өзін құртып алмаса.
Ілмектер:
құт, бақыт, адам
Адал іс істесең, адал боп өсесің,
Ақылды іс істесең, өміріңе құт,
Қиын іс бітірсең, өмір бойы қорықпайсың.
Ілмектер:
адал, құт, іс, ақыл, өмір, қиын
Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.
Ілмектер:
құт, қонақ, қасқыр, қой
Көсе бетінен қылтанақ көрсе,
Қырғанша құты кетеді.
Ілмектер:
құт
Елге ел қосылса — құт,
Желге сел қосылса — жұт.
Ілмектер:
ел, жұт, құт
Құт қонған елде
Қыдыр қыдырып жүреді.
Ілмектер:
ел, құт
Елге ел қайрылса — құт,
Елден ел айрылса — жұт.
Ілмектер:
ел, құт
Сиырдың сүті — тілінде,
Жігіттің құты — білімде.
Ілмектер:
құт, білім
Жақсының жақсылығын айт,
Мейірі тассын,
Жаманның жамандығын айт,
Құты қашсын.
Ілмектер:
жақсы, жаман, құт
Қонақ келсе — құт,
Қарақшы келсе — жұт.
Ілмектер:
қонақ, құт
Қонақ бір күн қонса — құт,
Екі күн қонса — жұт.
Ілмектер:
қонақ, құт, жұт
Қонақ келсе құт келер.
Ілмектер:
қонақ, құт
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі