Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"шешен" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "шешен" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Ілмектер: теке, қар, батыр, жігіт, жау, шешен, дау
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.
Байтал — жүйрік, парқы жоқ,
Ілмектер: Байтал, қатын, шешен, жүйрік
Қатын — шешен, нарқы жоқ.
Көп батырдан жау қашады,
Ілмектер: батыр, шешен, қырғыз мақалы
Көп шешеннен дау қашады.
Маңдайы құтты – батыр,
Ілмектер: құт, батыр, шешен, маңдай, таңдай
Таңдайы құтты – шешен.
Батыр мың қол бастайды.
Ілмектер: батыр, ер, ерлік, шешен, жер
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Дауды шешен бітірмейді, би бітіреді.
Ілмектер: дау, шешен, би, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
Ақын — ұлттың жүрегі,
Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, ақын, батыр, шешен
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.
Жалғыз сөйлеген жігіт шешен.
Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, шешен
Шешенің сөзі — мерген,
Ілмектер: шешен, шебер, өнер
Шебердің көзі - мерген.
Тілге шешен, күшке мешел.
Ілмектер: тіл, шешен, күш, мешел, еңбек
Батыр болсаң — жауды қайтар,
Ілмектер: батыр, шаруа, шешен
Шаруа болсаң — малды қайтар.
Шешен болсаң — дауды қайтар.
Батыр қол бастар,
Ілмектер: батыр, көсем, шешен
Көсем жол бастар,
Шешен сөз бастар.
Үйде шешен, дауға жоқ,
Ілмектер: батыр, шешен
Үйде батыр, жауға жоқ.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі