Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (7) Өлеңдер (7) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (22) Ұлағатты сөздер (6)

"шебер" туралы Мақал-мәтелдер

"шебер" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "шебер" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Сөзге шебер,
Іске олақ.

Ілмектер: сөз, іс, шебер
WhatsApp Telegram

Нардтың тастары сәтті түсе берсе,
Бәрі де шебер ойыншы болар еді.

Ілмектер: шебер, ойыншы, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Шеберді үйрету – күйрету.

Ілмектер: шебер, үйрету, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Шеберден олжа,
Шешеннен сауға.

Ілмектер: шебер, шешен, өнер
WhatsApp Telegram

Шешенің сөзі — мерген,
Шебердің көзі - мерген.

Ілмектер: шешен, шебер, өнер
WhatsApp Telegram

Шеберді шебер қолынан таниды,
Батырды батыр жонынан таниды.

Ілмектер: шебер, батыр
WhatsApp Telegram

Ағасы ақылдының
Ауылы азбайды.
Жеңгесі шебердің
Жеңі тозбайды.

Ілмектер: ақыл, шебер
WhatsApp Telegram

Шешеннің сөзі — ортақ
Шебердің бөзі — ортақ.

Ілмектер: шешен, шебер, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Қожамен көрші болсаң:
«Бер-бер» дейді
Шебермен көрші болсаң:
«Көр-көр» дейді.

Ілмектер: көрші, шебер
WhatsApp Telegram

Шебердің бізі — ортақ,
Шешенің сөзі — ортақ.

Ілмектер: шебер, шешен, сөз
WhatsApp Telegram

Шешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.

Ілмектер: шебер, шешен, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Ілмектер: шебер, тіл
WhatsApp Telegram

Шеберді шеге қағысынан таны.

Ілмектер: шебер, өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Шеберді саусағы асырайды.

Ілмектер: шебер, өнер, қол өнері
WhatsApp Telegram

Кілең шебер жиналса,
Істері тез қызады,
Кілең олақ жиналса
Біткен істі бұзады.

Ілмектер: өнер, қол өнері, шебер
WhatsApp Telegram

Қас шебердің
Шанышқан инесі тонына кіреді.
Хас шебердің
Шанышқан инесі қолына кіреді.

Ілмектер: шебер, қол өнері, өнер
WhatsApp Telegram

Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.

Ілмектер: өнер, шебер
WhatsApp Telegram

Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.

Ілмектер: өнер, шебер
WhatsApp Telegram

Шебердің қолы көпке ортақ.

Ілмектер: шебер
WhatsApp Telegram

Болат біз қап түбінде қалмас.

Ілмектер: шебер
WhatsApp Telegram