Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (53) Өлеңдер (204) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (8) Ұлағатты сөздер (53) Әзіл, анекдоттар (1)

Ақын — Мақал-мәтелдер жинағы

Бұл бөлімде "ақын" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ақынға керегі – асқақ сөз бен аспап – саз.

Ілмектер: ақын, сөз, саз, аспап, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ат аяғы ақсауық,
Ақын тілі қақсауық.

Ілмектер: ат, аяқ, ақын, тіл
WhatsApp Telegram

Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, ақын, батыр, шешен
WhatsApp Telegram

Батырлығың не керек?
Байсалдылық болмаса,
Ақындығың не керек?
Айтарлығың болмаса.

Ілмектер: батыр, ақын
WhatsApp Telegram

Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.

Ілмектер: батыр, тіл, ақын
WhatsApp Telegram

Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.

Ілмектер: ақын, батыр, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Той — ақындікі,
Көкпар — батырдікі!

Ілмектер: той, ақын, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Ақынның тілі қылыштан өткір,
Қылдан нәзік.

Ілмектер: ақын, сөз, тіл
WhatsApp Telegram