Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (9) Өлеңдер (6) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (79)

"күш" туралы Мақал-мәтелдер

"күш" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "күш" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Ақыл — бұл күштен әлдеқайда көп нәрсе. Күш пайдасыз жерде ақыл көмектеседі.

Ілмектер: мысыр мақалы, ақыл, күш
WhatsApp Telegram

Бөрінің қартайса да,
Бір қойлық әлі бар.

Ілмектер: бөрі, қарттық, қой, әл, күш, төрт түлік мал, жануарлар туралы мақал
WhatsApp Telegram

Бақыттың шалғайынан басып,
Күшпен ұстап тұруға болмайды.

Ілмектер: бақыт, шалғай, күш
WhatsApp Telegram

Әйелге күш көрсету — ерлік емес,
Күшіңді өзіңе жұмса.

Ілмектер: әйел, ерлік, күш
WhatsApp Telegram

Арыстанда қырық кісінің күші бар,
Бір кісінің жүрегі бар.

Ілмектер: арыстан, қырық, күш, жүрек, бір
WhatsApp Telegram

Айламен арыстан ұстар,
Қара күшпен тышқан да ұстай алмас.

Ілмектер: айла, арыстан, күш, тышқан
WhatsApp Telegram

Егеуге бергісіз үскі бар,
Екеуге бергісіз күшті бар.

Ілмектер: егеу, үскі, күш, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Күшті күшсізді күйретеді.

Ілмектер: күш, күйреу, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Алпыстағы әкеңнің
Артық күшін пайдалан.

Ілмектер: әке, күш
WhatsApp Telegram

Әйелдің күші жоқ, айласы көп.

Ілмектер: әйел, айла, күш
WhatsApp Telegram

Күш - білімде.

Ілмектер: күш, білім
WhatsApp Telegram

Аты-тоны бар кісіде,
Әзіретәлінің күші бар.

Ілмектер: кісі, күш, адам, адам және оның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Еңбексіз әлем,
Күш кешеді әрең.

Ілмектер: еңбек, әлем, күш
WhatsApp Telegram

Күш – білімде.

Ілмектер: күш, білім
WhatsApp Telegram

Баста мый жоқ болса,
Екі аяққа күш түсер.

Ілмектер: бас, мый, аяқ, күш, ақымақ
WhatsApp Telegram

Тілге шешен, күшке мешел.

Ілмектер: тіл, шешен, күш, мешел, еңбек
WhatsApp Telegram

Кімнің ісі көп болса,
Соның күші көп.

Ілмектер: іс, күш, еңбек
WhatsApp Telegram

Тіліңе сүйенбе, күшіңе сүйен,
Күшіңе сүйенбе, ісіңе сүйен.

Ілмектер: тіл, еңбек, күш, іс
WhatsApp Telegram

Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.

Ілмектер: алғыр, олақ, іс, еңбек, жігіт, күш
WhatsApp Telegram

"Әйт-шүу" деген атанға күш,
"Әуіп" деген жігітке күш.

Ілмектер: күш, ер, жігіт, ерлік, батырлық
WhatsApp Telegram