Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (9) Өлеңдер (21) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (31)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"қарттық" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"қарттық" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "қарттық" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.

Ілмектер: бүркіт, қарттық, тышқан, құл, құдық, қармақ
WhatsApp Telegram

Бүркіт қартайса, тышқан аулар.

Ілмектер: бүркіт, қарттық, тышқан
WhatsApp Telegram

Бөрінің қартайса да,
Бір қойлық әлі бар.

Ілмектер: бөрі, қарттық, қой, әл, күш, төрт түлік мал, жануарлар туралы мақал
WhatsApp Telegram

Әкеңді қартайса да, қадірлеп тұр,
Өміріңше оны тіпті ренжітпе.

Ілмектер: әке, өмір, қарттық, қадірлеу, ренжіту
WhatsApp Telegram

Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.

Ілмектер: қарттық, есек, жігіт, төсек
WhatsApp Telegram

Ақылсыз қарт өкінішпен қартаяр,
Есті қарт қайғырмай-ақ қартаяр.

Ілмектер: ақылсыз, қарт, өкініш, қарттық, есті, қайғы
WhatsApp Telegram

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.

Ілмектер: адам, асыл, қарттық
WhatsApp Telegram

Адамды екі нәрсе қартайтпайды:
Бірі — жақсы мінез,
Екіншісі — жақсы сөз.

Ілмектер: адам, мінез, жақсы, сөз, қарттық
WhatsApp Telegram

Адам бастан қартаяды,
Қартайған соң мал таяды.

Ілмектер: адам, мал, қарттық
WhatsApp Telegram

Адам баласы артындағысын көріп қартаяды.

Ілмектер: адам, қарттық
WhatsApp Telegram

Жасында жігіт оқталады,
Қартайғанда тоқталады.

Ілмектер: жігіт, жастық шақ, кәрілік, қарттық, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жас шағында сүзеген болса,
Қартайғанда сотқарлығы тізеден болар.

Ілмектер: жастық шақ, қарттық, сотқарлық
WhatsApp Telegram

Қартайғанда өкпешіл болады.

Ілмектер: қарттық, кәрілік, өкпе, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жасқа – қызмет,
Қартқа – құрмет.

Ілмектер: жастық шақ, қарттық, қызмет, құрмет
WhatsApp Telegram

Жасыңда қылжақ болсаң,
Қартайғанды мылжың боларсың.

Ілмектер: жастық, қарттық, мылжың
WhatsApp Telegram

Арыстан қартайса, тышқан інін аңдиды.

Ілмектер: арыстан, қарттық, тышқан, ін
WhatsApp Telegram

Қарттық – кәріптік.

Ілмектер: қарттық, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Парасат көрсең –
Қарттықтан.
Тамаша көрсең –
Жастықтан.

Ілмектер: парасат, жастық шақ, парсы мақалы, қарттық
WhatsApp Telegram

Қартайып өлсең қапыл жоқ.

Ілмектер: қарттық, өлім
WhatsApp Telegram

Жастықта жиған білімің - қарттыққа жұмсар мүлігің.

Ілмектер: жастық шақ, білім, қарттық, мүлік
WhatsApp Telegram