Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (41) Өлеңдер (16) Мақал-мәтелдер (30) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (4)

"есек" туралы Мақал-мәтелдер

"есек" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "есек" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Аш ит ет тапса, асай береді:
Иесінің түйесі ме, дажалдың есегі ме, оған бәрібір.

Ілмектер: аш, ит, ие, түйе, есек
WhatsApp Telegram

Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.

Ілмектер: қарттық, есек, жігіт, төсек
WhatsApp Telegram

Арпа берген кісіден есек қашпайды.

Ілмектер: арпа, есек, кісі
WhatsApp Telegram

Есегі бір теңге,
Тоқымы мың теңге.

Ілмектер: есек, құн, теңге, ақша, қырғыз мақалы, тоқым
WhatsApp Telegram

Есегінде тұсау жоқ,
Түйесіне қом жасамақ.

Ілмектер: есек, түйе, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Есебін ептеп білеміз,
Есегін қайтіп мінеміз.

Ілмектер: есеп, есек, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Есек құрғақта ақырса,
Батпақта мәлім болады.

Ілмектер: есек, батпақ
WhatsApp Telegram

Ат туласа, есек бүлінеді.

Ілмектер: ат, есек, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Есек айтады:
Тірі болсам, теңізден де су ішермін.

Ілмектер: теңіз, есек, су
WhatsApp Telegram

Арыстанмен – арыстан,
Қозымен қозы болсаң да,
Есекпен есек болма.

Ілмектер: арыстан, есек, қозы
WhatsApp Telegram

Есек есекке ауыр емес.

Ілмектер: есек, ауыр, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Салпаңқұлақ есекке,
Гауһарың, лағылың есеп пе.

Ілмектер: есек, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Есегін жоғалтқан тағасын іздейді.

Ілмектер: есек, таға, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Итке – сабын,
Есекке сүйек тастайды.

Ілмектер: ит, есек, сабын, сүйек, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Исаның есегін Меккеге апарсаң да,
Есек қалпында қайтады.

Ілмектер: есек, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Екі есекке де есептен жем бере алмайды.

Ілмектер: есек, жем, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Көп сөз есекке жүк.

Ілмектер: сөз, есек, жүк
WhatsApp Telegram

Есекке сиырдан қалған сабан да сарқыт.

Ілмектер: есек, сиыр, сарқыт, сабан, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Есекті қанша ұрсаң да ат болмас.

Ілмектер: есек, ат, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Жібек тозса, есекке
Жабуға да жарамайды.

Ілмектер: тозу, ескіру, жібек, есек, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram