Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (46) Өлеңдер (20) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (173) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"су" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"су" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "су" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бұлт өзеннен су алса ғана жауады.

Ілмектер: бұлт, өзен, су
WhatsApp Telegram

Бармақтай бақыт қара суды теріс айналдырған ақылдан артық.

Ілмектер: бақыт, су, қара, ақыл, артық
WhatsApp Telegram

Балық ала алмаған суды былғайды.

Ілмектер: балық, су
WhatsApp Telegram

Балалар ойнап жүріп су төгеді,
Қарттар тайып жамбасын сындырады.

Ілмектер: бала, ойын, қарт, жамбас, сынық, су
WhatsApp Telegram

Балықтың тірлігі суменен.

Ілмектер: балық, тірлік, су
WhatsApp Telegram

Әл үстінде жатқан адамның
Аузына мақтамен су тамызады.

Ілмектер: әл, денсаулық, мақта, су, адам, тамызу
WhatsApp Telegram

Ат, атаның сай болса,
Қашсаң, жаудан кетерсің.
Кетпен, шотың сай болса,
Қазсаң, суға жетерсің.

Ілмектер: кетпен, су, жау, шот
WhatsApp Telegram

Аспаннан Әбілхаят суы жауса да,
Тал ағаш жеміс бермейді.

Ілмектер: аспан, су, тал, ағаш, жеміс
WhatsApp Telegram

Ақ көт, қара көт суға түскенде мәлім болар.

Ілмектер: су, мәлім
WhatsApp Telegram

Айдап сал жаққан от жанса,
Сақтықтың суын сеп.

Ілмектер: сақтық, су, от
WhatsApp Telegram

Су - зер, сушы - зергер.

Ілмектер: су, зергер
WhatsApp Telegram

Су – диханның қаны.
Жер - қолыңдағы наның.

Ілмектер: су, жер
WhatsApp Telegram

Саяз су сарқырап ағады.

Ілмектер: су
WhatsApp Telegram

Ағын су арнасын табады.

Ілмектер: су
WhatsApp Telegram

Көл тартылса құс қашар.

Ілмектер: су, құс
WhatsApp Telegram

Су табиғаттың ажары.

Ілмектер: су, табиғат
WhatsApp Telegram

Су бар жерде өмір бар.

Ілмектер: су, өмір
WhatsApp Telegram

Сусыз өмір - тұзсыз аспен тең.

Ілмектер: су, өмір, тұз, ас
WhatsApp Telegram

Су - атасы, жер - анасы.

Ілмектер: су, жер
WhatsApp Telegram

Сулы жер - нұрлы жер.

Ілмектер: су, жер
WhatsApp Telegram