"жер" туралы Мақал-мәтелдер
"жер" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "жер" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жер шежіресі – ел шежіресі.
Ілмектер:
жер, ел
Жел өтпеске сөз өтеді, жер көтергенді ой көтереді.
Ілмектер:
Жел, сөз, жер, ой
Білмеген сөз сыңайын не табады:
Болса да көк аспанда, жер қабады.
Ілмектер:
сөз, аспан, жер, білу
Бұлт — ала, жер — шола.
Ілмектер:
бұлт, жер
Бұл өмірдегі ең соңғы баратын жер — көр.
Ілмектер:
өмір, көр, жер, өлім
Бұ қу тамақ талай елге апат боп,
Жер қойнына кірген олар опат боп.
Ілмектер:
апат, жер, опат
Байыдым деме,
Кедейлік сіңіріңе жетер.
Жетістім деме,
Қара жер түбіріңе жетер.
Ілмектер:
байлық, кедей, жер, сіңір
Байқасаң, бақыт бір жерде тұрмайды.
Ілмектер:
бақыт, жер
Адам мен адамның арасы
Жер мен көктей.
Ілмектер:
адам, жер, көк
Ат баспан деген жерін басар,
Ер көрмен деген жерін көрер.
Ілмектер:
ат, ер, жер
Асың барда ер таны беріп жүріп,
Атың барда жер таны желіп жүріп.
Ілмектер:
ас, тамақ, ер, ат, жер
Аспаннан не түспейді,
Жер нені көтермейді.
Ілмектер:
аспан, жер
Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.
Ілмектер:
аспан, ай, күн, ел, жер, әкім
Алтынның шыққан жерін белден қаз.
Ілмектер:
алтын, қазу, жер
Алтын — жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса — бек тәжінің өрнегі.
Ілмектер:
алтын, тас, бек, жер, тәж
Жеріне қарай бұланы, тауына қарай қыраны.
Ілмектер:
жер, қыран
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі