Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (16) Мақал-мәтелдер (51) Ұлағатты сөздер (14) Әзіл, анекдоттар (1)

"тас" туралы Мақал-мәтелдер

"тас" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "тас" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Әр тастың бөлек-бөлек белгісі бар.

Ілмектер: тас, белгі
WhatsApp Telegram

Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды.

Ілмектер: алтын, құн, тас, баға
WhatsApp Telegram

Алтын-күміс әманда таспен бірге жүреді.

Ілмектер: алтын, күміс, тас
WhatsApp Telegram

Алтын-күміс тас болар.

Ілмектер: алтын, күміс, тас
WhatsApp Telegram

Алтын — жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса — бек тәжінің өрнегі.

Ілмектер: алтын, тас, бек, жер, тәж
WhatsApp Telegram

Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.

Ілмектер: ақымақ, мың, батпан, тас, көтеру, сөз
WhatsApp Telegram

Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.

Ілмектер: ақыл, надан, темір, шеге, тас, бас
WhatsApp Telegram

Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.

Ілмектер: ақыл, жас, жүйрік, ат, қарт, асыл, тас
WhatsApp Telegram

Ақыл бастан шығады,
Асыл тастан шығады.

Ілмектер: ақыл, асыл, бас, тас
WhatsApp Telegram

Ақыл аста,
Қайрат жаста,
Асыл таста.

Ілмектер: ас, ақыл, тас, қайрат, жастық шақ, асыл
WhatsApp Telegram

Адам баласы тастан қатты емес.

Ілмектер: адам, тас
WhatsApp Telegram

Тауды, тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады.

Ілмектер: тау, тас, су, сөз, бұзу
WhatsApp Telegram

Жұмсақ сөз тасты жібітеді.

Ілмектер: жұмсақ, сөз, тас
WhatsApp Telegram

Жапалақты таспен ұрса да,
Жапалақ өледі.
Жапалақпен тасты ұрса да,
Жапалақ өледі.

Ілмектер: жапалақ, тас, ұру, өлім, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ілім басқа жұғады,
Қына тасқа шығады.

Ілмектер: ілім, білім, тас, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Асыңды бермесең берме,
Бірақ тасыңмен перме

Ілмектер: ас, тас
WhatsApp Telegram

Тәмам-тәмам тас тәмам,
Шылапшын мен тостаған.

Ілмектер: ыдыс, тас
WhatsApp Telegram

Не басын тасқа соқсын,
Не тасын басқа соқсын.

Ілмектер: бас, тас
WhatsApp Telegram

Ауызы асқа тигенде,
Тұмсығы тасқа тиді.

Ілмектер: ас, тас, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Көп сөзді ұғынып болмайды,
Қатты тасты үгітіп болмайды.

Ілмектер: сөз, тас, ұғу, түсіну
WhatsApp Telegram