Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (9) Өлеңдер (39) Мақал-мәтелдер (37) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (1)

"жас" туралы Мақал-мәтелдер

"жас" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "жас" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бура өле ме, бота өле ме?
Кәрі өле ме, жас өле ме?
Айы жеткен айда өлер,
Күні жеткен күнде өлер.

Ілмектер: өлім, бура, бота, кәрі, жас, ай, күн, ажал
WhatsApp Telegram

Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.

Ілмектер: ақыл, жас, жүйрік, ат, қарт, асыл, тас
WhatsApp Telegram

Жас та болса – бас.

Ілмектер: жас, бас
WhatsApp Telegram

Жақсы аттың тісін ашып қарама, киесі болады.
Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.

Ілмектер: ат, қатын, әйел, жас
WhatsApp Telegram

Болар адам жеті жастан бас болар,
Болмас адам қырыққа келсе де жас болар.

Ілмектер: адам, жеті, қырық, жас, адамның қасиеттері
WhatsApp Telegram

Жасы бір құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Ілмектер: жас, заман, құрдас, адам
WhatsApp Telegram

Көзінің жасы көл болды.

Ілмектер: көз, жас, көз жасы, көл
WhatsApp Telegram

Кәрі, жас құрдастықтан білінер.

Ілмектер: кәрі, жас, құрдас
WhatsApp Telegram

Алғаны жақсы жолықса, жігіт тағы жасарар.

Ілмектер: жас, жігіт, үйлену
WhatsApp Telegram

Жас өседі, жарлы байиды.

Ілмектер: жас, жарлы, кедей, бай, байлық
WhatsApp Telegram

Көп жастың ішінде қария болса даң болар,
Көп кәрінің ішінде бір жас болса дана болар.

Ілмектер: дана, кәрі, жас, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Жас — кәрінің көзі,
Кәрі — жастың тезі.

Ілмектер: адам, өмір, жас, кәрі
WhatsApp Telegram

Ақыл — жас ұланнан,
Жүйрік — тай құнаннан.

Ілмектер: ақыл, жас, жүйрік, құнан, тай
WhatsApp Telegram

Қарт келсе асқа,
Жас келсе іске.

Ілмектер: қарт, жас, ас, іс
WhatsApp Telegram

Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.

Ілмектер: іс, кәрілік, ас, жас
WhatsApp Telegram

Асыл тастан, ақыл - жастан.

Ілмектер: асыл, тас, жас, ақыл
WhatsApp Telegram

Жас арқалағаннан
Тас арқалаған жеңіл.

Ілмектер: тас, жас
WhatsApp Telegram

Ұят келсе, кәріге келеді,
Жастың несі кетеді?

Ілмектер: ұят, кәрі, жас
WhatsApp Telegram

Көп жасап, күміс болғанша
Аз жасап, алтын бол.

Ілмектер: жас, өмір, алтын, күміс
WhatsApp Telegram

Жас жүрген жер — мереке.
Қарт жүрген жер — береке.

Ілмектер: жас, қарт, тәрбие, өнеге
WhatsApp Telegram