Көз жасы, жылау туралы мақал-мәтелдер
Ілмектер: Көз жасы, жылау, жас
Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.
Бiреу бiлмегендi, бiреу бiлер,
Бiреу жылайтынға, бiреу күлер.
Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.
Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.
Баласы жыламаса,
Анасы жұбатпайды.
Жылау мен күлу – төркіндес.
Қайғы – пайдасыз,
Жылау – жәрдемсіз.
Баланың жылағаны –
Емшек сұрағаны.
Жыламаған балаға,
Емшек бермейді.
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жыласпайды.
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі