Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (7) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (22) Ұлағатты сөздер (28)

"күлкі" туралы Мақал-мәтелдер

"күлкі" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "күлкі" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Артық байлық аздырар,
Артық күлкі тоздырар.

Ілмектер: байлық, күлкі, артық
WhatsApp Telegram

Күлкісін іріккен жаннан түңіл,
Шала бүріккен жауыннан түңіл.

Ілмектер: күлкі, жауын, түңілу, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Кешегі түлкі – бүгінгі күлкі.

Ілмектер: түлкі, күлкі, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Арыстанбысың – алысқанбысың?
Түлкімісің? – күлкімісің?

Ілмектер: арыстан, түлкі, күлкі, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме.

Ілмектер: дос, дұшпан, күлкі
WhatsApp Telegram

Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.

Ілмектер: жылау, күлкі
WhatsApp Telegram

Ит дегенге ашуланып,
Күшік десең күледі.

Ілмектер: ит, ашу, күлкі, күшік
WhatsApp Telegram

Жыртық тесікке күледі.

Ілмектер: күлу, күлкі
WhatsApp Telegram

Жығылған сүрінгенге күледі.

Ілмектер: жығылу, сүріну, күлкі, күлу
WhatsApp Telegram

Болымсыздан үлгі шықпас,
Көңілсізден күлкі шықпас.

Ілмектер: көңіл, күлкі
WhatsApp Telegram

Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.

Ілмектер: ар, күлкі, ұйқы, еңбек, жалқау, жалқаулық
WhatsApp Telegram

Дарақының күлкісі қанбас,
Жалқаудыңұйқысы қанбас.

Ілмектер: дарақы, жалқау, ұйқы, күлкі
WhatsApp Telegram

Ит десең ашуланып, күшік десең күледі.

Ілмектер: ашу, ит, күлкі, күшік
WhatsApp Telegram

Біреу көріп күледі,
Біреу еріп күледі.

Ілмектер: күлу, күлкі
WhatsApp Telegram

Көп күлкісі күнненде жылы.

Ілмектер: күлкі, көпшілік
WhatsApp Telegram

Көңілсізден күлкі шықпас.

Ілмектер: көңіл, күлкі
WhatsApp Telegram

Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.

Ілмектер: көңіл, күлкі
WhatsApp Telegram

Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.

Ілмектер: күлкі, көңіл
WhatsApp Telegram

Күрек тісің сынса,
Күлкің бұзылады.

Ілмектер: күлкі, денсаулық
WhatsApp Telegram

Итпен ойнасаң — үрерсің,
Баламен ойнасаң — күлерсің.

Ілмектер: ит, ойын, бала, күлкі
WhatsApp Telegram