Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (32) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (15) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"ұйқы" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"ұйқы" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ұйқы" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Еңбекқор
Ұйқыдан ширап тұрады.
Ерiншек
Ұйқыдан қирап тұрады.

Ілмектер: еңбек, еңбекқор, еріншек, ұйқы
WhatsApp Telegram

Жаманның жан рақаты – ұйқы.

Ілмектер: жаман, ұйқы, рақат
WhatsApp Telegram

Ұйықтап жатқан арыстанды неге оятасың?

Ілмектер: ұйқы, арыстан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Шын ұнатсаң,
Басқасын қаламассың.
Шын ұйықтасаң,
Тасқа да қарамассың.

Ілмектер: шын, ұйқы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Өзіңді құштарлық билесе, көзіңнен ұйқы қашар.

Ілмектер: құштарлық, ұйқы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Жер жүзін топан су алса,
Ұйқысын үзер ол емес.

Ілмектер: ұйқы, топан су, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Еріншек түске дейін ұйықтайды,
Кешке дейін есінейді.

Ілмектер: еріншек, ұйқы, кеш, есінеу
WhatsApp Telegram

Ұйқы — ажал ағайыны.

Ілмектер: ұйқы, ажал, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Ұйықтаған адам ұйқыдағы жанды оята алмайды.

Ілмектер: ұйқы, адам, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Ұйқы менен өлім тең.

Ілмектер: ұйқы, өлім, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Ұйқы жастық сұрамайды.

Ілмектер: ұйқы
WhatsApp Telegram

Ұйқы өліммен тең.

Ілмектер: ұйқы, өлім, сақтық, қырағылық
WhatsApp Telegram

Ұйқыда ұят жоқ.

Ілмектер: ұйқы, ұят
WhatsApp Telegram

Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.

Ілмектер: ар, күлкі, ұйқы, еңбек, жалқау, жалқаулық
WhatsApp Telegram

Дарақының күлкісі қанбас,
Жалқаудыңұйқысы қанбас.

Ілмектер: дарақы, жалқау, ұйқы, күлкі
WhatsApp Telegram

Жалқаудың жаны ұйқыда.

Ілмектер: жалқау, жалқаулық, ұйқы
WhatsApp Telegram

Жасық кісі жасқа тоймас,
Пасық кісі ұйқы мен асқа тоймас.

Ілмектер: ас, пасық, ұйқы
WhatsApp Telegram

Ұйқы — тынықтырады,
Жұмыс — шынықтырады.

Ілмектер: ұйқы, жұмыс, денсаулық
WhatsApp Telegram

Ұйқы арыстанды да жығады.

Ілмектер: ұйқы
WhatsApp Telegram

Бала күлкіге тоймас,
Болбыр ұйқыға тоймас.

Ілмектер: бала, ұйқы, күлкі
WhatsApp Telegram