Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (21) Өлеңдер (20) Жоспарлар (21) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (24)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"ойын" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"ойын" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ойын" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Балалар ойнап жүріп су төгеді,
Қарттар тайып жамбасын сындырады.

Ілмектер: бала, ойын, қарт, жамбас, сынық, су
WhatsApp Telegram

Ұстаздың абыройы болмаса,
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.

Ілмектер: ұстаз, мұғалім, шәкірт, сақал, ойын, абырой
WhatsApp Telegram

Асық ойнаған — ақтық,
Доп ойнаған — тоқтық.

Ілмектер: ойын, асық, доп
WhatsApp Telegram

Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.

Ілмектер: ақыл, аңғал, шешім, ақылсыз, ойын, бала
WhatsApp Telegram

Ойыннан да омыртқа сынады.

Ілмектер: ойын, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ойна, бiрақ жұмысты да ойла!

Ілмектер: ойын, жұмыс
WhatsApp Telegram

Ат жаманы тайменен ойнар,
Қатын жаманы байменен ойнар.

Ілмектер: ат, жаман, қатын, ойын
WhatsApp Telegram

Ойнақтаған бала от басар.

Ілмектер: ойын, бала
WhatsApp Telegram

Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.

Ілмектер: мысық, тышқан, ойын, өлім
WhatsApp Telegram

Отпен ойнама - күйерсің,
Құйынмен ойнама - шаршарсың.

Ілмектер: от, құйын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар, ойын
WhatsApp Telegram

Ойын түбі от,
Ой түбі алтын.

Ілмектер: ойын, ой, білім, ілім
WhatsApp Telegram

Ой түбі оймақ,
Ойын түбі ойран.

Ілмектер: білім, ілім, ойын
WhatsApp Telegram

Ойын сөзге шын төре.

Ілмектер: ойын, сөз, шын
WhatsApp Telegram

Ойын түбі — от,
Тұман түбі — жұт.

Ілмектер: ойын, жұт
WhatsApp Telegram

Ойыннан от шығар.

Ілмектер: ойын
WhatsApp Telegram

Итпен ойнасаң — үрерсің,
Баламен ойнасаң — күлерсің.

Ілмектер: ит, ойын, бала, күлкі
WhatsApp Telegram

Тойлы ауылда тойлап тоймаған,
Ойнап тояды.

Ілмектер: той, ауыл, ойын
WhatsApp Telegram

Ойыннан от шығады.

Ілмектер: ойын, от
WhatsApp Telegram