Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (16) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (6) Әзіл, анекдоттар (3)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"үйлену" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"үйлену" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "үйлену" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Көріктіні қалап алғанша,
Сүйгеніңді сұрап ал.

Ілмектер: көрік, үйлену, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Мінсіз жар іздеген жалғыз қалар.

Ілмектер: мін, үйлену, жалғыздық
WhatsApp Telegram

Үйленуді де үйрену керек.

Ілмектер: үйлену, үйрену
WhatsApp Telegram

Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.

Ілмектер: көрік, үйлену, тектілік
WhatsApp Telegram

Алғаны жақсы жолықса, жігіт тағы жасарар.

Ілмектер: жас, жігіт, үйлену
WhatsApp Telegram

Қатын алсаң, отын ал.

Ілмектер: үйлену, қатын, әйел, отын
WhatsApp Telegram

Өзің сүйгенді алма,
Өзіңді сүйгенді ал,
Өзің сүйгеннен жапа шегерсің,
Өзіңді сүйгеннен рахат көрерсің.

Ілмектер: сүю, үйлену
WhatsApp Telegram

Аяғын көріп, асын іш
Анасын көріп, қызын ал

Ілмектер: ыдыс-аяқ, үйлену
WhatsApp Telegram

Қатын алма, қайын ал,
Жақсы көрген тамырдың
Атын алма, тайын ал.

Ілмектер: қатын, отбасы, үйлену
WhatsApp Telegram

Көргені жаман оңбайды,
Айтқан тілді алмайды.
Алғаны жаман оңбайды,
Қағып төсек салмайды.

Ілмектер: жаман, үйлену
WhatsApp Telegram

Қатыны өлген
Қызды ауылға қарап жылайды.

Ілмектер: үйлену, қатын
WhatsApp Telegram

Қасық асым —
Қайғысыз басым.

Ілмектер: үйлену, отбасы
WhatsApp Telegram

Керенауды күлісінен білерсің,
Сүр бойдақты жүрісінен білерсің.

Ілмектер: үйлену
WhatsApp Telegram

Екі қатын алғаның —
Өзіңді отқа салғаның.

Ілмектер: қатын, үйлену
WhatsApp Telegram

Қарыздан да қатын ал,
Қатының қалар жаныңда.

Ілмектер: үйлену, отбасы
WhatsApp Telegram

Бардың қатыны өлсе,
Төсегі жаңғырар.
Жоқтың қатыны өлсе,
Басы қаңғырар.

Ілмектер: үйлену, отбасы, қатын
WhatsApp Telegram

Байсыз қатын — баусыз оймақ.

Ілмектер: үйлену, отбасы, қатын
WhatsApp Telegram

Бір үйде екі әйел болса — ойран,
Бір үйде екі сиыр болса — айран.

Ілмектер: әйел, отбасы, үйлену
WhatsApp Telegram

Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт,
Алған жары жақсы болса мың бақыт.

Ілмектер: үйлену, отбасы
WhatsApp Telegram

Күндестің күні де күндес,
Күлі де күндес.

Ілмектер: үй болу, үйлену, отбасы
WhatsApp Telegram