Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (123) Өлеңдер (20) Жоспарлар (42) Мақал-мәтелдер (96) Ұлағатты сөздер (22)

Жан қимақ бар,
Жар қимақ жоқ.

Ілмектер: жар, отбасы

Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті.

Ілмектер: қатын, отбасы

Келін жаман емес, келген жері жаман.

Ілмектер: келін, отбасы

Әйел— үйдің көркі,
Еркек— түздің көркі.

Ілмектер: әйел, еркек, отбасы

Еріншек қатынның
Етегі жыртық;
Ерке қатынның
Еріні тыртық.

Ілмектер: қатын, отбасы

Ерлі-байлы ұрысар да, керісер,
Көрісер де келісер.

Ілмектер: ұрыс, отбасы

Әркімдікі өзіне,
Ай көрінер көзіне.

Ілмектер: үйлену, отбасы

Жақсы әйел
Жаман еркекті түзетеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті жүдетеді.

Ілмектер: әйел, еркек, отбасы

Жаман әйелдің мінезі қиық келер,
Сөзі сұйық келер.

Ілмектер: әйел, отбасы

Атасы жаман алғанын жамандайды,
Туысы жаман туғанын жамандайды.

Ілмектер: отбасы, туыс

Қатын қырық шырақты.

Ілмектер: қатын, отбасы

Отқа барған қатынның
Отыз ауыз сөзі бар.

Ілмектер: қатын, отбасы

Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады.

Ілмектер: әйел, еркек, отбасы

Төркініне сенгеннің
Төбесі — жарық.

Ілмектер: төркін, отбасы

Қапқа түскен — қатындікі.

Ілмектер: қатын, отбасы

Келін — келін, келін — бақ,
Келмей жатып, сөзін бақ.

Ілмектер: келін, отбасы

Долы қатын жылауық,
Сұғанақ қатын — сұрауық.

Ілмектер: қатын, отбасы

Жаман қатын алғанның
Жауы үйінде.
Екі қатын алғанның
Дауы үйінде.

Ілмектер: қатын, отбасы, үйлену

Төркіні жақын қатынның
Төсегі жиылмайды.

Ілмектер: төркін, қатын, отбасы

Олақ қатын оймақшыл,
Салақ қатын сауықшыл.

Ілмектер: қатын, отбасы