"күйеу" туралы Мақал-мәтелдер
"күйеу" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "күйеу" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Күйеуге асыққан әйел байға жарымас,
Күйгелек еркек үйге жарымас.
Ілмектер:
күйеу, асығу, әйел, үй
Күйеу – жүз жылдық,
Құда – мың жылдық.
Ілмектер:
күйеу, құда
Қалыңдығына өкпелеген күйеу,
Қайнысына сәлем бермейді.
Ілмектер:
өкпе, күйеу, қайын
Ыржық қызға — тыржық күйеу.
Ілмектер:
қыз, күйеу
Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.
Ілмектер:
күйеу, қыз, бесін, күн
Келінді келін демесең,
Жақсы болса өз қызың.
Күйеуді күйеу демесең,
Жақсы болса өз ұлың.
Ілмектер:
келін, жақсы, күйеу
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі