Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"құда" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "құда" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Бай мен бай құда болса, жорға жүрер,
Ілмектер: бай, құда, кедей, дорба
Жарлы мен жарлы құда болса, дорба жүрер,
Бай мен кедей құда болса, зорға жүрер.
Құданы алу болғанша құл, би екенін сұрас,
Ілмектер: құда, құл, сыйластық
Құда болып қалған соң құл да болса сыйлас.
Құдаңа бола құдайыңнан айрылма.
Ілмектер: құда
Екі бай құда болса - арасында жорға жүреді,
Ілмектер: бай, кедей, жарлы, құда
Екі жарлы құда болса - арасында дорба жүреді,
Бай мен жарлы құда болса - айырылыса алмай зорға жүреді.
Бар барын айтады,
Ілмектер: құда, зар, наз
Жоқ зарын айтады,
Құда базына айтады,
Құдағай назын айтады.
Құда болғанша,
Ілмектер: құда
Түп-тегіңді сұрас,
Құда болған соң,
Қол қусырып сыйлас.
Қойдың басы —
Ілмектер: қой, төрт түлік мал, құда, туыс
Құданың асы.
Қонағы бар үй қоңырсып тұрады,
Ілмектер: қонақ, құда, құрдас
Қонағы жоқ үй бозымсып тұрады.
Құдаң құрдасыңдай болсын,
Құдағайың сырласыңдай болсын.
Құл құдасын табады.
Ілмектер: құда
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі