Бар барын айтады, Жоқ зарын айтады, Құда базына айтады, Құдағай назын айтады. Ілмектер: құда, зар, наз Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бар барын айтады, Жоқ зарын айтады, Құда базына айтады, Құдағай назын айтады.
Күйеу – жүз жылдық, Құда – мың жылдық. күйеу, құда
Бай мен бай құда болса, жорға жүрер, Жарлы мен жарлы құда болса, дорба жүрер, Бай мен кедей құда болса, зорға жүрер. бай, құда
Екі бай құда болса - арасында жорға жүреді, Екі жарлы құда болса - арасында дорба жүреді, Бай мен жарлы құда болса - айырылыса алмай зорға жүреді. бай, кедей
Балалы үй — базар, Баласыз үй — қу мазар. бала, үй
Құдай бір айналдырғанды, Шыр айналдырады. құдай
Базарда бәрі бар, Ақшасыз ешкім бермейді. базар, ақша
Қойдың басы — Құданың асы. қой, төрт түлік мал
«Қой» дегенде қоймасаң, Арашашыға зар боларсың. зар болу
Хабарлама
INFO
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі