Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (24)

"құдай" туралы Мақал-мәтелдер

"құдай" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "құдай" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бастықтарға қарсылық етуші
Құдайдың бұйрығына қарсылық етеді.

Ілмектер: бастық, қарсылық, бұйрық, Құдай
WhatsApp Telegram

Әлі жетпеген Құдайшыл.

Ілмектер: әл, Құдай
WhatsApp Telegram

Адамнан тілеген арыды,
Құдайдан тілеген жарыды.

Ілмектер: адам, құдай, тілеу
WhatsApp Telegram

Адамнан сұрама,
Құдайдан сұра.

Ілмектер: адам, құдай, сұрау
WhatsApp Telegram

Құдай суықты сырт киіміне қарай жібереді.

Ілмектер: құдай, суық, киім, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жарлы деп сөкпе,
Пайғамбарға тілің тиеді.
Жалғыз деп сөкпе,
Құдайға тілің тиеді.

Ілмектер: жарлы, пайғамбар, діни, құдай
WhatsApp Telegram

Қорықпас құдайдан да қорықпас.

Ілмектер: қорқықпас, қорықпау, құдай
WhatsApp Telegram

Адам айдаса бармаймын,
Құдай айдаса қалмаймын.

Ілмектер: адам, құдай
WhatsApp Telegram

Күштіге - құдай жоқ.

Ілмектер: күшті, құдай
WhatsApp Telegram

Құдай малыңды алса да бейіліңді алмасын.

Ілмектер: құдай, мал
WhatsApp Telegram

Құдай берейін десе құлай береді.

Ілмектер: Құдай, беру
WhatsApp Telegram

Құдайдың өзі асыраған тоқтысын қасқыр жемес.

Ілмектер: тоқты, құдай, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Құдай бергенді молда бермес.

Ілмектер: молда, құдай, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Байды Құдай қарғайын десе,
Жортуыл бастар.
Биені қарғайын десе,
Құлын тастар.

Ілмектер: бай, пейіл, ынсап, құдай
WhatsApp Telegram

Көп қайда болса - құдай сонда.

Ілмектер: ел, халық, құдай
WhatsApp Telegram

Арамды құдай табады,
Момынды қайыр табады.

Ілмектер: арам, момын, құдай, қайыр
WhatsApp Telegram

Басы аман, малы түгелдің,
Құдайымен ісі жоқ.

Ілмектер: бас, амандық, құдай
WhatsApp Telegram

Құдай бір айналдырғанды,
Шыр айналдырады.

Ілмектер: құдай
WhatsApp Telegram

Құдай бергенге құлай береді.

Ілмектер: құдай
WhatsApp Telegram