Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (41) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (25) Ұлағатты сөздер (1)

"молда" туралы Мақал-мәтелдер

"молда" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "молда" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Балаңды ордаға бер, немесе молдаға бер.

Ілмектер: бала, тәрбие, молда
WhatsApp Telegram

Әкімменен қарсы болсаң, күнің жаман,
Молдаменен қарсы болсаң, дінің жаман.

Ілмектер: әкім, күн, молда, дін, жаман
WhatsApp Telegram

Әкімге қарсы болма, күніңе кемшілік болар,
Молдаға қарсы болма, дініңе кемшілік болар.

Ілмектер: әкім, молда, дін, күн
WhatsApp Telegram

Арам молда аңқау елді алдап жер.

Ілмектер: арам, молда, ел, алдау
WhatsApp Telegram

Азан айтпақ молданың ісі.

Ілмектер: азан, молда
WhatsApp Telegram

Азан айтпақ молдаға сый.

Ілмектер: азан, молда, сый
WhatsApp Telegram

Жалғыз молда – жарты адам,
Екі молда – бір бүтін.

Ілмектер: молда, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Азансыз молда болса да,
Қазансыз қатын болмайды.

Ілмектер: азан, молда, қазан, әйел, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ақы төлемесең, молда үйіңе жоламайды.

Ілмектер: ақы, молда, үй, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Бір молданың басы ауырса,
Бар молданың басы ауырмас.

Ілмектер: бас, ауру, молда
WhatsApp Telegram

Дүмше молда - ел бұзар.

Ілмектер: молда, ел, дүмше
WhatsApp Telegram

Құдай бергенді молда бермес.

Ілмектер: молда, құдай, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Мың надан сопыдан, бір ілім молда артық.

Ілмектер: надан, молда, сопы, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Тентек молда телмірген өгіз.

Ілмектер: өгіз, молда, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Шала молда шарық айтар.

Ілмектер: молда, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Шала молда шарық айтар.

Ілмектер: молда, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Шала молда дін бұзар.

Ілмектер: молда, дін, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Екі молда бір кісі,
Бір молда жарты кісі.

Ілмектер: молда, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Алла бермегенді, молда бермейді.

Ілмектер: молда, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Молдаға жағайын десең,
Азаның болсын.
Қазыға жағайын десең,
Қазаның болсын.

Ілмектер: молда, қазы
WhatsApp Telegram