Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (9) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (2)

"базар" туралы Мақал-мәтелдер

"базар" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "базар" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Сауда, үнемшілік туралы мақал-мәтелдер

Сау басын саудаға салды

*** *** *** ***

Сауда сақал сипағанша

*** *** *** ***

Саудаға достық жүрмейді

*** *** *** ***

Сауда түбі — борыш, шаруа түбі — кеніш

*** *** *** ***

Базарда мың кісіні көреді,
Әркім сүйгеніне сәлем береді.

*** *** *** ***

Үйдегі есепті
Базардағы нарық бұзар.

*** *** *** ***

Сөзіңе қарап саудагер екеніңді білдім.

*** *** *** ***

Теңге тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.

*** *** *** ***

Есепсіз дүние жоқ.

*** *** *** ***

Жыраққа қойсаң жақыннан аларсың.

*** *** *** ***

Түстік өмірің болса, кештік мал жина.

*** *** *** ***

Алтын тапсаң санап ал.

*** *** *** ***

Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.

*** *** *** ***

Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның.

*** *** *** ***

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

*** *** *** ***

Тамшыдан тама берсе дария болар.

*** *** *** ***

Судың да сұрауы бар.

*** *** *** ***

Есептемегенге бәрі түгел.

*** *** *** ***

Сауып ішсең мың күндік,
Сойып жесең бір күндік.

*** *** *** ***

Үзіп жеген үнемге жатпайды.

*** *** *** ***

Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.

*** *** *** ***

Базары жақын байымас.

*** *** *** ***

Қолдағының құны жоқ.

*** *** *** ***

Жаман қойшы жайлауынан бір күн жейді,
Жақсы қойшы жайлауынан мы ң күн жейді.

*** *** *** ***

Шашу оңай, жинау қиын.

Ілмектер: Сауда, үнемшілік туралы мақал-мәтелдер, мақал-мәтелдер, базар, есеп, нарық
WhatsApp Telegram

Бар елің базар, жоқты қайдан қазар.

Ілмектер: бар, жоқ, базар, қазар
WhatsApp Telegram

Базардың иті ауылдың итін қаламайды.

Ілмектер: базар, ит, ауыл
WhatsApp Telegram

Базарда пұлы бардың көңілі тоқ,
Қатындардың, қарасаң, опасы жоқ.

Ілмектер: базар, пұл, көңіл, опа, қатын
WhatsApp Telegram

Базарға барып бағың сына.

Ілмектер: базар, бақ
WhatsApp Telegram

Базар көркі – бақал,
Ердің көркі – сақал.

Ілмектер: базар, сақал, көрік, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.

Ілмектер: базар, бар, бай, кедей, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ұрының тілеуі –
Базардың бүлінуі.

Ілмектер: ұры, тілеу, базар, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Базарда бәрі бар,
Ақшасыз ешкім бермейді.

Ілмектер: базар, ақша, байлық, еңбек
WhatsApp Telegram

Базарда мың кісі бар
Әркім сүйгеніне сәлем берер.

Ілмектер: базар
WhatsApp Telegram

Арзан менен қымбаттың
Базар берер нарқы бар,
Жақсы менен жаманның
Адам берер парқы бар.

Ілмектер: базар, жақсы, жаман
WhatsApp Telegram

Базар бар да малың сат,
Базар білмес, бақ білер.

Ілмектер: базар, сауда
WhatsApp Telegram

Тон алам десең
Базарға бар,
Тоналам десең
Мазарға бар.

Ілмектер: кедейлік, байлық, базар
WhatsApp Telegram

Алтын базарында бағалы.

Ілмектер: алтын, базар
WhatsApp Telegram

Алдамасаң — базар жоқ.

Ілмектер: базар
WhatsApp Telegram

Базарға әркім барар,
Өзінің керегін алар.

Ілмектер: кедейлік, байлық, базар
WhatsApp Telegram

Балалы үй — базар,
Баласыз үй — қу мазар.

Ілмектер: бала, үй, базар, мазар
WhatsApp Telegram

Базарға теңгесі бар, барсын.
Тойға теңдесі бар, барсын.

Ілмектер: той, базар
WhatsApp Telegram

Жалғыз атты базардан қалмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, базар
WhatsApp Telegram