Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (21) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (21) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"сауда" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"сауда" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "сауда" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бидай көрсетіп, арпа сатады.

Ілмектер: бидай, сауда, саудагер, арпа
WhatsApp Telegram

Ат жақсысы — шанада,
Жігіт жақсысы — саудада.

Ілмектер: ат, жігіт, шана, сауда
WhatsApp Telegram

Сатарын мақтайды,
Аларын даттайды.

Ілмектер: сауда, сату, алу
WhatsApp Telegram

Пайда түсетінін білсе,
Саудагер сүйіктісін де сатады.

Ілмектер: сауда, саудагер, пайда
WhatsApp Telegram

Ақырған аюдың ала тонын сатпа.

Ілмектер: тон, аю, сауда, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Бидайды көрсетіп, арпаны сатты.

Ілмектер: бидай, арпа, сауда, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Қара итін де қара ешкісінің бағасымен сатады.

Ілмектер: ит, ешкі, баға, сауда, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.

Ілмектер: әділ, сауда, әкім, адал
WhatsApp Telegram

Сауда садақпен тең, иілсе тез түзей алмайсың.

Ілмектер: сауда, садақ
WhatsApp Telegram

Диханшылық түбі кеңіс,
Саудагерлік түбі борыш.

Ілмектер: диханшылық, саудагерлік, сауда, борыш
WhatsApp Telegram

Бай бауырын танымас,
Сауда досқа қарамас.

Ілмектер: бай, дос, сауда, бауыр
WhatsApp Telegram

Сауда досқа қарамас.

Ілмектер: сауда, дос, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Сауданың түбі борыш,
Шаруаның түбі кеңіс.

Ілмектер: сауда, еңбек, шаруа, байлық
WhatsApp Telegram

Кімде кім күлімсірей алмайтын болса, ол адам сауда-саттықпен айналыспауы тиіс.

Ілмектер: қытай мақалы, күлімсіреу, сауда
WhatsApp Telegram

Молда арбап алады,
Сәудегер алдап алады.

Ілмектер: сауда
WhatsApp Telegram

Базар бар да малың сат,
Базар білмес, бақ білер.

Ілмектер: базар, сауда
WhatsApp Telegram

Сәудегер бөзін мақтайды,
Үйші тезін мақтайды.

Ілмектер: сауда
WhatsApp Telegram

Сатушыны алушы ұтады.

Ілмектер: сауда, кедейлік, байлық
WhatsApp Telegram

Саудагер құнықса,
Сақалын күзеп сатар.

Ілмектер: сауда
WhatsApp Telegram

Әкімің әділ болмаса
Жұрт бұзылады;
Саудаң әділ болмаса
Нарық бұзылады.

Ілмектер: сауда
WhatsApp Telegram