Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (1)

"құрдас" туралы Мақал-мәтелдер

"құрдас" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "құрдас" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Тілі – басымен құрдас,
Қалжыңдаспай тұрмас.

Ілмектер: тіл, құрдас, бас, қалжың, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Жасы бір құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Ілмектер: жас, заман, құрдас, адам
WhatsApp Telegram

Кәрі, жас құрдастықтан білінер.

Ілмектер: кәрі, жас, құрдас
WhatsApp Telegram

Жасы құрдас, құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Ілмектер: заман, құрдас, салт-дәстур, әдет-ғұрып
WhatsApp Telegram

Әкесі құрдастың, баласы құрдас.

Ілмектер: әке, бала, құрдас, туыс
WhatsApp Telegram

Екі аяқтыдан құрдас тату,
Төрт аяқтыдан бота тату.

Ілмектер: құрдас, дос, достық, бота, ынтымақ, татулық
WhatsApp Telegram

Көргенсізбен құрдас болма,
Опасызбен сырлас болма.

Ілмектер: көргенсіз, опасыз, құрдас
WhatsApp Telegram

Көңілі қаран
Жолдасынан айрылады.
Көп жасаған,
Құрдасынан айрылады.

Ілмектер: көңіл, жолдас, құрдас
WhatsApp Telegram

Қонағы бар үй қоңырсып тұрады,
Қонағы жоқ үй бозымсып тұрады.
Құдаң құрдасыңдай болсын,
Құдағайың сырласыңдай болсын.

Ілмектер: қонақ, құда, құрдас
WhatsApp Telegram

Көп жасаған құрдасынан
Көп сөйлеген жолдасынан айрылады.

Ілмектер: құрдас, жолдас, кәрілік, қарттық
WhatsApp Telegram