Көңілі қаран Жолдасынан айрылады. Көп жасаған, Құрдасынан айрылады. Ілмектер: көңіл, жолдас, құрдас Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Көңілі қаран Жолдасынан айрылады. Көп жасаған, Құрдасынан айрылады.
Адамның көңілі Бір атым насыбайдан қалады. адам, көңіл
Жолдас қадірін жорықта білесің, Дос қадірін соғыста білесің. дос, соғыс
Көзден кетсе, көңілден кетеді. көз, көңіл
Құлақтан кірген суық сөз, Көңілге барып мұз болар. құлақ, сөз
Жаманмен жолдас болсаң, Кесірі жұғар, Жақсымен жолдас болсаң, Несібі жұғар. жаман, жолдас
Мір тәуекел бұзады, Мың қайғының қаласын; Бір жылы сөз бітірер Мың көңілдің жарасын. тәуекел, көңіл
Бауырласың болмаса, жолдас ізде, Жақсы жолдас — бауырлас. бауыр, жол
Көзі соқырға жолдас болсаң да, Көңілі соқырға жолдас болма. көңіл, жолдас
Хабарлама
INFO
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі