"соғыс" туралы Мақал-мәтелдер
"соғыс" туралы мақал-мәтелдер жинағы.
Түн соғыста дем алатын мезгіл емес,
Жаудан кек алатын мезгіл.
Ілмектер:
соғыс, түн, кек, жау
Көтеріп үйренсең,
Алты пұт жүк емес екен,
Атып үйренсең таңкің түк емес екен.
Ілмектер:
соғыс, танк, ату
Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.
Ілмектер:
дос, соғыс, қадір, жолдас
Жаудыра атсаң жауға жақындайсың.
Ілмектер:
жау, соғыс
Бесатар белдескенде не керек.
Алыстан жаумен тілдескенде де керек.
Ілмектер:
жау, соғыс
Қаруың қалпында болса,
Қапыда қалмайсың.
Ілмектер:
қару, соғыс
Жауға жарақсыз барма,
Қаруыңды күтпей қапы қалма.
Ілмектер:
жау, қару, соғыс
Қорқып өмір сүргенің құрсын,
Қатарда босқа жүргенің құрсын.
Ілмектер:
қорқу, өмір, соғыс
Арсыз адам қорқақ келеді,
Барлауға да шорқақ келеді.
Ілмектер:
ар, адам, барлау, соғыс
Бір қорқақтың кесірі мыңға тиер,
Жолдас болсаң қорқақпен - жаның күйер.
Ілмектер:
қорқақ, кесір, соғыс
Қорқақтың сылтау қойнында,
Басын сақтау ойында.
Ілмектер:
қорқақ, ой, соғыс
Үргедекпен оттас болсаң,
Сөзіне сенбе,
Жан алқымда өзіне сенбе.
Ілмектер:
үргедек, соғыс, жан
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі