Пулемет қонысын талғайды, Автомат адамын талғайды. Ілмектер: автомат, пулемет, соғыс Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Пулемет қонысын талғайды, Автомат адамын талғайды.
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап, көтерген. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірген. жақсы, жаман
Еңкейгенге еңкей, Атаңның қара құлы емес. Шалқайғанға шалқай, Пайғамбардың ұлы емес. тәрбие, өнеге
Бірінші байлық — денсаулық, Екінші байлық — ақ жаулық, Үшінші байлық — он саулық. денсаулық, сергектік
Ерте тұрған жігіттің Ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің Бір ісі артық. ырыс, жігіт
Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады. бірлік
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі