Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақал-мәтелдер (1)

"дəрі" туралы Мақал-мәтелдер

"дəрі" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "дəрі" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Денсаулық туралы мақал-мəтелдер.
1.Шынықсаң шымыр боларсың.
2.Адамның басты байлығы денсаулық.
3.Дана көптен шығады,
Дəрі шөптен шығады.
4.Бірінші байлық-денсаулық.
5.Ауырып ем іздегенге,
Ауырмайтын жол ізде.
6.Ауру батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады.
7.Дерт көп, денсаулық біреу.
8.Демі бардың емі бар.
9.Ішің ауырса аузыңды тый,
Көзің ауырса қолыңды тый.
10.Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулықтың түбіне жетеді.

Ілмектер: шымыр, дəрі, шөп, ауру, денсаулық, арақ, темекі, батпандап, мысқылдап, дерт, ем
WhatsApp Telegram