Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (13) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (33) Ұлағатты сөздер (12)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"құлақ" туралы Мақал-мәтелдер

"құлақ" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "құлақ" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Басқа келген пәледен
Бастан құлақ садаға.

Ілмектер: бас, пәле, садаға, құлақ
WhatsApp Telegram

Аш қарнымнан тыныш құлақ.

Ілмектер: тыныш, құлақ, аш, қарын
WhatsApp Telegram

Ауызыңмен сөйлеген сөзді
Құлағың да есітпейді.

Ілмектер: ауыз, құлақ, сөз
WhatsApp Telegram

Алтын сырға құлақты ауыртады,
Алтындаған етік аяқты ауыртады.

Ілмектер: алтын, сырға, құлақ, етік, аяқ
WhatsApp Telegram

Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер,
Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар.

Ілмектер: құлақ, ұғу
WhatsApp Telegram

Көзі жоқ құлағы саудың — ақылы толар,
Құлағы жоқ көзі саудың — ақылы солар.

Ілмектер: ақыл, құлақ, көз
WhatsApp Telegram

Бір күн өсек естімесе құлағы тарс бітеледі.

Ілмектер: өсек, құлақ, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жарлының қалтасына қоянның құлағы сыймайды.

Ілмектер: жарлы, кедей, қоян, қалта, құлақ, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Адам құрсағынан арықтамайды,
Құлағынан арықтайды.

Ілмектер: адам, арықтау, құлақ
WhatsApp Telegram

Құлақ тыңдайды,
Іш қайнайды.

Ілмектер: құлақ, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Құлақ естісе – көңіл біледі,
Көз көрсе – құмарлық келеді.

Ілмектер: құлақ, көз, құмарлық, көңіл
WhatsApp Telegram

Сөз атасы – құлақ,
Жол атасы – тұяқ,
Су атасы – бұлақ.

Ілмектер: сөз, су, құлақ, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Бір құлағынан кіреді,
Екіншісінен шығады.

Ілмектер: құлақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Қабырғада да құлақ бар.

Ілмектер: қабырға, құлақ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Құлағын салып,
Басын ұтқызды.

Ілмектер: құлақ, бас, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Естіген құлақтан,
Көрген көз артық.

Ілмектер: құлақ, көз, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып кетеді.

Ілмектер: тыңдау, құлақ, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Саусағы ұзын - биші болар,
Құлағы үлкен - күйші болар.

Ілмектер: биші, күйші, өнер, саусақ, құлақ
WhatsApp Telegram

Қабырғада ін бар —
Не құлақ, не тіл бар.

Ілмектер: қабырға, құлақ, тіл, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Ақпа құлаққа айтқан сөз - құмға құйған судай,
Құйма құлаққа айтқан сөз - гүлге құйған судай.

Ілмектер: тыңдац, құлақ, су, гүл
WhatsApp Telegram