Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (7)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"пәле" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"пәле" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "пәле" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Білмеген мың пәлеге тұтылар,
Білген мың пәледен құтылар.

Ілмектер: білу, білмеу, пәле, құтылу, тұтылу
WhatsApp Telegram

Басына бәле тілеген адам
Сұлтанның сөзін қайырар.

Ілмектер: бас, адам, пәле, сұлтан, сөз
WhatsApp Telegram

Басқа пәле қайдан-ды?
Басқа пәле тілден-ді.

Ілмектер: бас, пәле
WhatsApp Telegram

Басқа келген пәледен
Бастан құлақ садаға.

Ілмектер: бас, пәле, садаға, құлақ
WhatsApp Telegram

Білімді әр пәледен құтылар.
Білімсіз мың пәлеге тұтылар.

Ілмектер: білім, пәле
WhatsApp Telegram

Пайдаға жүгірген,
Пәлеге жолығар.

Ілмектер: пайда, пәле
WhatsApp Telegram

Пейілі жаманға пәле жолығады.

Ілмектер: пейіл, жаман, пәле
WhatsApp Telegram

Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тілден жұғады.

Ілмектер: қол, пәле, тіл
WhatsApp Telegram

Тыймаған ауызда пәле бар.

Ілмектер: пәле, ауыз, денсаулық
WhatsApp Telegram

Сөз қуған — пәлеге жолығар,
Шаруа қуған — қазынаға жолығар.

Ілмектер: сөз, тіл, шаруа, қазына, пәле
WhatsApp Telegram

Басқа пәле тілден.

Ілмектер: пәле, тіл
WhatsApp Telegram

Ұстамен жақын болсаң
Ұстарасын аларсың.
Мүттайыммен жақын болсаң
Пәлесіне қаларсың.

Ілмектер: пәле, ұста, өнер
WhatsApp Telegram

Пәлелі жерді баспа,
Басыңа түссе, саспа.

Ілмектер: пәле, бас
WhatsApp Telegram