Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (32)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"сын" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"сын" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "сын" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бектер сөзін айта берме (басқа сын!),
Қайталама жақсы сөзден басқасын.

Ілмектер: бек, сөз, сын, жақсы
WhatsApp Telegram

Халық қатесіз сыншы.

Ілмектер: халық, сын, сыншы, ел
WhatsApp Telegram

Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.

Ілмектер: соғыс, ер, жау, сын
WhatsApp Telegram

Жауды сынасып ұрыспақ жоқ.

Ілмектер: жау, сын, сынау
WhatsApp Telegram

Ер сыншысы - елі.

Ілмектер: сын, ер, ел
WhatsApp Telegram

Ерлік - елдің сыны.

Ілмектер: ерлік, сын, батырлық
WhatsApp Telegram

Жігітті не дауда, не жауда сынайды.

Ілмектер: жігіт, дау, жау, сын
WhatsApp Telegram

Түлкі алған итте сын болмас.

Ілмектер: ит, сын, жануар
WhatsApp Telegram

Жігітті, бірде, майданда сына,
Бірде, бейғамда сына.

Ілмектер: жігіт, сын
WhatsApp Telegram

Қашпақ, қумақ ерге сын,
Көшпек, қонбақ жерге сын.

Ілмектер: ер, жер, сын
WhatsApp Telegram

Сынасуға жараған,
Сыйласуға да жарайды.

Ілмектер: сын, сый
WhatsApp Telegram

Халық сыны қатесіз.

Ілмектер: халық, сын
WhatsApp Telegram

Жігітті — сын шыңдайды.

Ілмектер: сын, өнеге, жігіт
WhatsApp Telegram

Істеу қиын, сынау оңай.

Ілмектер: еңбек, сын
WhatsApp Telegram

Төбе би де өзіміз,
Төре би де өзіміз.
Қисық болса сөзіңіз,
Құрулы тұр тезіміз.

Ілмектер: сын, дәуір
WhatsApp Telegram

Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.

Ілмектер: іс, ас, сын, сыншы, дәуір
WhatsApp Telegram

Сын түзелмей, мін түзелмейді.

Ілмектер: сын, мін
WhatsApp Telegram