Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақал-мәтелдер (13)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"білікті" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"білікті" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "білікті" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Біліктінің сөзі — жанып тұрған жас гүл.

Ілмектер: біліктілік, білікті, гүл
WhatsApp Telegram

Біліктіні білігі үшін сыйлайды.

Ілмектер: біліктілік, білікті, сый, құрмет
WhatsApp Telegram

Біліктіден шыққан сөз — әдеп үлгісі.

Ілмектер: біліктілік, білікті, сөз, әдеп, үлгі
WhatsApp Telegram

Білікті кісі тәнінен ет сыдыртып,
Біліммен жанын семіртер.

Ілмектер: біліктілік, білікті, білім
WhatsApp Telegram

Білікті кісі — баға жетпес алтын,
Біліксіз кісі — бес тиын бақыр.

Ілмектер: білікті, біліктілік, баға, алтын, бақыр
WhatsApp Telegram

Білікті бір де шығар,
Білімсіз мың да шығар.

Ілмектер: біліктілік, білікті, білім
WhatsApp Telegram

Білікті біліп айтар, сөзін ұтар,
Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар.
Білімсіз не айтса да, білмей айтар
Өз тілі өзінің кеп басын жұтар.

Ілмектер: біліктілік, білікті, тіл, білім, білімсіз
WhatsApp Telegram

Білікті біліммен білінеді.

Ілмектер: білікті, білім
WhatsApp Telegram

Білікті білім біліп, зерделі ұғар,
Жүзеге осы екеуі алып шығар.

Ілмектер: біліктілік, білікті, білім, зерде
WhatsApp Telegram

Білікті адам сөйлемей-ақ білініп тұрады.

Ілмектер: біліктілік, білікті, сөйлеу
WhatsApp Telegram

Білікті адам қайда барса да, төрге шығады.

Ілмектер: біліктілік, білікті, төр, адам
WhatsApp Telegram

Білікті адам керекті сөзін ғана айтады,
Керек емесін бүгіп қалады.

Ілмектер: білікті, біліктілік, адам
WhatsApp Telegram

Өзіңді біліктінің қасында ұста.

Ілмектер: білікті
WhatsApp Telegram