Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (21) Ұлағатты сөздер (8)

"бәле" туралы Мақал-мәтелдер

"бәле" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "бәле" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Білмеген мың бәледен құтылар.

Ілмектер: мың, бәле, білу, білмеу
WhatsApp Telegram

Бәле іздеп келме, ізгілік іздеп кел.

Ілмектер: бәле, ізгілік
WhatsApp Telegram

Бәле келсе, «кетер» деп төзімді бол.

Ілмектер: бәле, төзім, төзімділік
WhatsApp Telegram

Бәле әкелер рас сөзден жырақта,
Берекелі жалған сөзге тұрақта.

Ілмектер: бәле, жалған, сөз, береке
WhatsApp Telegram

Басқа бәле қайдан? Тілден.

Ілмектер: бас, бәле, тіл
WhatsApp Telegram

Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.

Ілмектер: бәле, ұят, жақсы, іс
WhatsApp Telegram

Бар бәле әйелден (әйел туралы даудан).

Ілмектер: әйел, дау, бәле
WhatsApp Telegram

Қатынға тисең қарасы жұғады,
Балаға тисең бәлесі жұғады.

Ілмектер: қатын, бала, бәле
WhatsApp Telegram

Бәле балалап туады.

Ілмектер: бәле, Араб мақал-мәтелдері
WhatsApp Telegram

Білмеген мың бәлеге тұтылар,
Білген мың бәледен құтылар.

Ілмектер: бәле, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Басқа келген бәледен бастан құлақ садақа.

Ілмектер: өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар, бәле
WhatsApp Telegram

Қазанның күйесі жұғады,
Ақымақтың бәлесі жұғады.

Ілмектер: қазан, күйе, бәле, ақымақ
WhatsApp Telegram

Шұбалаң жолдан,
Бәлекет тілден.

Ілмектер: жол, бәле, тіл
WhatsApp Telegram

Бәле қайда деме,
Аңламасаң, аяқ астында.

Ілмектер: бәле
WhatsApp Telegram

Мақтанған тілге – мың бәле.

Ілмектер: тіл, бәле
WhatsApp Telegram

Үндемеген
Үйдей бәледен құтылады.

Ілмектер: үндемеу, бәле
WhatsApp Telegram

Үндемегеннің ішінде,
Үйдей бәле жатады.

Ілмектер: үндемеу, бәле
WhatsApp Telegram

Қазанға тиме, қарасы жұғар,
Балаға тиме, бәлесі жұғар.

Ілмектер: қазан, бала, бәле
WhatsApp Telegram

Тауға сүйенген,
Таудай бәледен аман қалады.

Ілмектер: тау, бәле
WhatsApp Telegram

Сауын саусаң, бие сау,
Боз қырау түспей суалмас.
Түйткіл тартсаң, түйе сау,
Ауру, бәле, жын алмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ауру, бәле, жын
WhatsApp Telegram