Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (6)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"бет" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"бет" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "бет" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бергеннің бетіне қарама.

Ілмектер: беру, бет, қарау
WhatsApp Telegram

Бай болсаң, паршаменен бетіңді сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен етіңді сүрт.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, парша, бет, ет, жан
WhatsApp Telegram

Алақанның аясымен күннің бетін жауып болмайды.

Ілмектер: алақан, күн, бет
WhatsApp Telegram

Бетке айтқанның бекері жоқ.

Ілмектер: бет, бекер, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жалған айтуға да жалпақ бет керек.

Ілмектер: жалған, өтірік, бет
WhatsApp Telegram

Ауыз асаса,
Көз бетін басады.

Ілмектер: ауыз, бет, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Жоғарыға түкірме,
Бетіңді көмер көбігі.

Ілмектер: түкіру, жоғары, бет, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Өсекшінің беті ешқашанда ағармас.

Ілмектер: өсекші, бет, өсек, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Бет емес, безеу.

Ілмектер: бет, безеу, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Өз бетін аямаған, кісі бетін шиедей қылар.

Ілмектер: бет
WhatsApp Telegram

Ағайынға қадірім жоқ бетімді көреді,
Қатыныма қадірім жоқ етімді көреді.

Ілмектер: ағайын, қадір, бет, қатын
WhatsApp Telegram

Бетінің ашық реңі –
Тұнып тұрған жүрегі.

Ілмектер: бет, жүрек, парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Бетінің қызылы безеуден.

Ілмектер: бет, қызыл.парсы мақалы
WhatsApp Telegram

Бет көрсе, жүз ұялады.

Ілмектер: бет, жүз, ұят
WhatsApp Telegram

Мұрыны кішкентайдың
Есесі бетінде.

Ілмектер: мұрын, бет, есе
WhatsApp Telegram

Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.

Ілмектер: сұлу, бет, ақыл, жүрек
WhatsApp Telegram

Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер.

Ілмектер: қонақ, ет, бет
WhatsApp Telegram