Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (104) Өлеңдер (20) Мақал-мәтелдер (39) Ұлағатты сөздер (20) Әзіл, анекдоттар (1)

"хан" туралы Мақал-мәтелдер

"хан" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "хан" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бұрынғы ханның билігі жүрмес,
Кейінгі ханның ақылы жүрмес.

Ілмектер: билік, ақыл, хан
WhatsApp Telegram

Би баласы биге ұқсар,
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.

Ілмектер: би, бала, тау, хан, әке, бай
WhatsApp Telegram

Батыр ортақ, бай ортақ,
Төресі әділ хан ортақ.
Қараңғы үйдің ішінде
Шалқымай жанған шам ортақ.

Ілмектер: батыр, бай, ортақ, әділ, хан, төре, қараңғы, үй, шам
WhatsApp Telegram

Барма ханға,
Өзі келер малға.
Барма биге,
Өзі келер үйге.

Ілмектер: хан, би, мал, үй
WhatsApp Telegram

Әр елдің өз әкімі бар (мұны арабтар айтады),
Әр үйдің өз ханы бар (мұны түріктер айтады).

Ілмектер: әкім, хан, үй
WhatsApp Telegram

Аяқтың жаза басқаны үшін бастан сұрайды,
Баланың қатесі үшін әкеден сұрайды,
Жай халықтың қатесі үшін ханнан сұрайды.

Ілмектер: аяқ, жаза, бас, бала, қателік, қате, әке, халық, хан
WhatsApp Telegram

Айдап жүрген мал жақсы,
Мал жақсы емес-ау,
Арыз тыңдаған хан жақсы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Аман тұрған жан жақсы.

Ілмектер: жан, хан, мал, жақсы
WhatsApp Telegram

Атқан оқ тастан қайтпайды,
Елші ханнан тілін тартпайды.

Ілмектер: елші, хан, оқ, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Сен де – хан, мен де – хан,
Атқа жемді кім салар.

Ілмектер: хан, ат, жем
WhatsApp Telegram

Қытай ханының жібек кемзалы көп,
Бірақ олар да өлшеніп пішіледі.

Ілмектер: қытай, хан
WhatsApp Telegram

Ханның ісі басталса,
Қатынның ісі тоқтай тұрар.

Ілмектер: хан, қатын, іс
WhatsApp Telegram

Ұсталмаған қары –
Ұрылардың ханы

Ілмектер: қары, ұры, хан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

«Ханмын!» деп кеудеңді қақанмен,
Хандықты тақпайды.

Ілмектер: хан, кеуде, ауған елінің мақалы, ауған мақалы
WhatsApp Telegram

Қарашы хан тұсында, қатын ер тұсында.

Ілмектер: хан, ер, қатын
WhatsApp Telegram

Хан қарашасыз болмас.

Ілмектер: хан
WhatsApp Telegram

Хан азарында қарашысымен қас болады,
Би азарында қайырымы жоқ баймен дос болады.

Ілмектер: хан, дос, би, қайырым
WhatsApp Telegram

Хан - қарақшы,
Халық - орақшы.

Ілмектер: хан, халық, қарақшы
WhatsApp Telegram

Хан - қазық,
Би - тоқпақ.

Ілмектер: хан, би, тоқпақ
WhatsApp Telegram

Ханда қырық кісінің ақылы бар.

Ілмектер: ақыл, хан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram

Кеңесті хан азбайды,
Кең киім тозбайды.

Ілмектер: киім, кеңес, хан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар
WhatsApp Telegram