Жапалақ мақтанса, Жардан қоян алдым дер. Жаман мақтанса, Жақсының жағасынан алдым дер. Ілмектер: мақтаншақтық Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жапалақ мақтанса, Жардан қоян алдым дер. Жаман мақтанса, Жақсының жағасынан алдым дер.
Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, Батырмын деп баптанба, барып қайтпай. мақтаншақтық, батырлық
Ақылды мақтанса, істі тындырар, Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар. ақыл, ақылды
Ат қартайса Жасқаншақ болады Ер қартайса, Мақтаншақ болады. жан-жануар, төрт түлік мал
Бай мақтанса - табылар, Кедей мақтанса - шабылар. бай, мақтану
Батыр мақтанса бір оқтық, Бай мақтанса бір жұттық. батыр, мақтану
«Барамын» деп мақтанба, Жарлық бар. «Көппін» деп мақтанба, Жалғыздық бар. мақтаншақтық
Басым бар деп топтанба, Малым бар деп мақтанба. мал, мақтану
Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер, Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер. бай, би
Хабарлама
INFO
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі