Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба, Алдында құрулы торлар бар. Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба Алдында алуан орлар бар. Ілмектер: мақтаншақ, мақтаншақтық Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба, Алдында құрулы торлар бар. Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба Алдында алуан орлар бар.
Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, Батырмын деп баптанба, барып қайтпай. мақтаншақтық, батырлық
Ақылды мақтанса, істі тындырар, Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар. ақыл, ақылды
Ат қартайса Жасқаншақ болады Ер қартайса, Мақтаншақ болады. жан-жануар, төрт түлік мал
Жапалақ мақтанса, Жардан қоян алдым дер. Жаман мақтанса, Жақсының жағасынан алдым дер. мақтаншақтық
Бай мақтанса - табылар, Кедей мақтанса - шабылар. бай, мақтану
Батыр мақтанса бір оқтық, Бай мақтанса бір жұттық. батыр, мақтану
«Барамын» деп мақтанба, Жарлық бар. «Көппін» деп мақтанба, Жалғыздық бар. мақтаншақтық
Басым бар деп топтанба, Малым бар деп мақтанба. мал, мақтану
Хабарлама
INFO
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі