Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (13) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (3)

"мақтаншақ" туралы Мақал-мәтелдер

"мақтаншақ" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "мақтаншақ" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Мақтаншақтың қазаны бос қайнайды.

Ілмектер: мақтаншақ
WhatsApp Telegram

Мақтаншақ міншіл келеді,
Қызғаншақ күншіл келеді.

Ілмектер: мақтаншақ, күншіл
WhatsApp Telegram

Ескі бай аяншақ келер,
Жаңа бай мақтаншақ келер.

Ілмектер: бай, мақтаншақ, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Мақтаншақты мақтасаң,
Басыңа секіреді.

Ілмектер: мақтаншақ
WhatsApp Telegram

Жапа шегіп, жай жату,
Жасқаншақтың белгісі.
Аспандағы айды ату.
Мақтаншақтың белгісі.

Ілмектер: жасқаншақ, мақтаншақ
WhatsApp Telegram

Жағымпаз — жасқаншақ,
Жаман — мақтаншақ.

Ілмектер: жаман, мақтаншақ
WhatsApp Telegram

Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,
Алдында құрулы торлар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба
Алдында алуан орлар бар.

Ілмектер: мақтаншақ, мақтаншақтық
WhatsApp Telegram