Қазақта жалғыз шаңырақ бар, ол — Қазақстан! Оңтүстік — өз үйіміз. Ілмектер: Қазақстан, шаңырақ, үй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қазақта жалғыз шаңырақ бар, ол — Қазақстан! Оңтүстік — өз үйіміз.
Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы. — Нұрсұлтан Назарбаев қазақ, қазақ даласы
Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде. — Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, болашақ
Мемлекеттік тілді құрметтеу Қазақстан азаматтарының міндеті болып саналады. Мемлекеттік тілді төмендету, менсінбеушілік пен сыйламаушылық іс-әрекеттері және оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін басқа да ашық және астыртын жұмыстарды жүргізуші азаматтар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер заң бойынша жазаға тартылады. — Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция, Қазақстан Республикасы
Егер Қазақстанды мекендейтін көп ұлттың әрбір азаматы Қазақстанды, қазақты, оның тілін, салт-дәстүрін, мінез-құлқын, жер-суын Бельгерше түсініп, Бельгерше біліп, Бельгерше сыйлап, құрметтесе, онда бұл елде Құдай сүйгендер ғана тұрып, жұмақ орнар еді... — Шерхан Мұртаза Қазақстан, ұлт
Тәуелсiздiктiң бiздiң бәрiмiзге артар мiндетi мол. Ендi еңселi ел болудың жолына шындап түсуiмiз керек. Әулетiмiздiң асуы да, дәулетiмiздiң тасуы да өз қолымызда. Тарих көшi ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елiмiзде дәулеттi де сәулеттi өмiр орнайтынына кәмiл сенемiн. — Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік, тарих
Қазақстанның егемен, тәуелсiз мемлекет ретiнде орныққаны айқын болып отыр. Бiз әлемдiк қауымдастыққа абыройлы кiрiгiп, өз айналамызда қолайлы халықаралық ахуал қалыптастыра алдық, әлемнiң жетекшi елдерiмен саяси, экономикалық және мәдени салаларда ынтымақтастықты жолға қоя бiлдiк. — Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік, Қазақстан
Бақытты отбасылар бір-біріне ұқсас келеді. Ал әр бақытсыз шаңырақтың өзіне тән қиындықтары бар. — Лев Толстой бақыт, отбасы
Бүгiнгi өз келешегiне бет алған тәуелсiз Қазақстан – бұл бiздiң ортақ жетiстiгiмiз, бұл бiздiң ортақ мақтанышымыз! Өз сөзiмдi аяқтай келе, мен бүкiл көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгiштiгi мен ел игiлiгi және елiмiздiң Тәуелсiздiгi жолындағы жасампаздық еңбегi үшiн алғысымды айтқым келедi. — Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік, тәуелсіз
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі