Өлеңдер Бөлімі

Әсемпаз болма әрнеге

  • admin
  • 16.04.2015
  • 1
  • 26
  • 124268
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма

Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.

Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.

Көлеңке басын үзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса;

Күңгірт көңілім сырласар
Сүрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мүңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.

Өткен өмір - қу соқпақ,
Қыдырады талайды.
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды, соны санайды,
Нені тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке.
Өңкей уды жиып ап,
Себеді сорлы жүрекке.

Адасқан күшік секілді
Ұлып жүртқа қайтқан ой
Өкінді, жолың бекінді,
Әуре болма, оны қой.

Ермен шықты, ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
Жай жүргенді уерд қылып,
Тыныш өлсеңші тегінде.


Әбдірахман өлгенде

  • 0
  • 1

Арғы атасы қажы еді
Бейштен татқан шәрбәтті.
Жарықтықтың өнері
Айтуға тілді тербетті.

Толық

Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (М. Ю. Лермонтовтан)

  • 0
  • 0

Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?
Хүкімші шалдар мәз боп отыр ма онда?
Антұрғандық қылығын алла ісі деп,
Нандырар қандай сопы, қандай молда?

Толық

Бақа мен өгіз

  • 1
  • 0

Қарасаң, тым-ақ көп
Көре алмас іші тар.
Несі артық, бізден деп,
Салыспақ жұрт та бар.

Толық

Қарап көріңіз


Пікірлер (26)

Ақнұр

Оленнің идеясы кандай

мерей

өлеңдер өте-өте керемет

ару

өте керемен өлен

бул ким

бул интернет деген жаксы болдыгой казирги балдарга

ару

өте керемет өлең РАХМЕТ!

Айкөркем

Ғажайып өлен ғой өзі

шұғыла

өте кереметт!

шұғыла

Абай атамыздын өленін жақсы көрмейтін адам барма?

Айнұр

Абай атамыз ұлы дарын,ешкашан атв сөнбейди.мен Абай атамыздың барлық еңбектерин қолданамыз

Лола Пак

Абай атамыздын олендеры керемет мен олендерын жатка жатаймын Абай атамыз

Акерке

оленде оте керемет жазылган

Самат

Өлең өте керемет

Досжан

Өлең өте-өте керемет жазылған

Әділхан

Өте күшті өлең осы өлеңді естіп жаным ашып кеттіғой

Лили

Жаксы екен

Мерей

Өте тамаша керемет Абай атамыз қандай жақсы адам.

Gullola

Бұл өлеңнің сөздері өте әсерлі.

мими*$

Өте керемет таң қаларлық өлең
маған ұнады. Сөздері мағыналы.

Айзат

Маған қатты ұнады. Сөзінің мағынасы бар әрине ұнады

АЙДЫН

Өте керемет айтылған" мағыналы/әсерлі/ой саларлық өлең!

Myrza

Өте керемет

Назерке

Өте керемет. Маған бəрі ұнады

Меруерт

Уерд деген сөзі қандай мағына береді?

Ерхан

Осыдан кейінгі бір мәселе – кірме сөздерге түсінік берлу жәйі. Мәселен, осы өлеңдегі «уерд» сөзін алайық. Бірақ өлең соңына жұлдызшамен бұл сөзге қатысты ешқандай да түсінік берілмеген. Бұл қалай?!

«Уерд» сөзінің мағынасы – әдет дегенді білдіреді. Абай «Қызбастық жасыңда бойыңа сіңіп әдет болып кеткен» деп отыр. (Сонымен қатар, «Бойыңа сіңіп өрт болған» деген нұсқа да сәйкеседі).

Ал осы академиялық жинақтың 100-бетіндегі «Көлеңке басын ұзартып» деген өлеңнің:

«Жай жүргенді уерд* қылып,

Тыныш өлсеңші тегінде», - деген жолдарындағы «уерд» сөзіне мынадай түсінік берген: «Уерд (арабша) – жай жүрген адамды қиыншылыққа ұшырату».

Сонда түсініктегідей түсінер болсақ – «Жай жүрген адамды қиыншылыққа ұшыратып тыныш өлсеңші» дегендей бір-біріне қарама-қайшы ұғым тудырып тұрған жоқ па?! Олай болмас үшін һәм дәл осы түсінікте айтылған мағынамен алар болсақ, онда бірінші жол – «Жай жүргенді уерд қылмай» деп алынуы керек еді ғой?! Яғни, «қиыншылыққа ұшыратпай».

Әсілінде, Абай бұл жерде «жай жүрген адамды қиыншылыққа ұшыратпа» деп отырған жоқ. Тыныш жүргенді әдет қылып, тыныш өлу керек деп отыр. Ал түсініктегідей «Уерд – жай жүрген адамды қиыншылыққа ұшырату» деп алатын болсақ:

Осы қымыз, қазақтар,

Мақтаның ба, асың ба?

Қымызды басар артынан

Ет даяр ма қасыңда?

Бойыңа сіңіп уерд болған

Қызба бастық жасыңда, - деген шумақтағы «уерд» сөзін қалай түсінбек керек? Парадокс деген осы шығар.

дейді біреулер)

Милашка Умница

Ерхан сен не айтып кеттин??? "Уерд" деп!!!






Өлең керемет екен.мығанарлы!

Милашка Умница

Ов және ҚР облыстық республикалық газеттерде жарияланып келеді де пайдаланылады оның

Пікір қалдырыңыз

×