Ашу кезінде ешқашан дереу шешім қабылдамау керек. Оның арты әрдайым өкінішке апарады. Ілмектер: Ашу, шешім, өкініш Омархан Айнұр Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ашу кезінде ешқашан дереу шешім қабылдамау керек. Оның арты әрдайым өкінішке апарады.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. — Мұхтар Әуезов татулық, ашу
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан, Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан. Күні бұрын жуытпа маңайыңа, Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан. — Шәкәрім Құдайбердіұлы жалқаулық, мінез
Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан-кестен болып жатқанда сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек. — Пауло Коэльо сенім, дауыс
Ашу қысса - ақылың ғайып болады. — Махмұд Қашқари ашу, ақыл
Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. Тәуекел түбі — жел қайық, жүзесің де өтесің. Уайым түбі — тұңғиық, батасың да кетесің. — Бауыржан Момышұлы уайым, шешім
Егер табысқа жеткіңіз келсе, мына алты кеселден бойыңызды аулақ ұстаңыз: маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу және жасқаншақтық. — Джеки Чан маубастық, жалқаулық
Адамның шашқаны емес – тергені, Алғаны емес – бергені қалады. — Қадыр Мырза Әли адам, шашу
Хабарлама
INFO
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі